Сот актілерін орындау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот актілерін орындаумен байланысты өзекті мәселелерді талқылау бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Шараға қатысқан сот төрағасы Б. Ә. Кәсенов, судьялар Е. С. Коянбаев, Л. А. Побияха, Н. А. Жақсыбекова, сот мамандары, Өскемен қаласы прокуратурасының бөлім басшысы  Р. К. Кадырбеков, Өскемен қаласы бойынша айыппұлдарды өндіру және сот үкімдерін орындау бөлімінің басшы м. а. Г. К. Сұлтангазина және Шығыс Қазақстан облысының жеке сот орындаушылар палатасының жеке сот орындаушылары А. М. Тулеубаев, Т. М. Жунусов қатысты.

Сот төрағасы Б. Кәсенов, дөңгелек үстел жұмысын ашып, сот төрелігін атқаруда аса маңызды буынның бірі сот актілерін орындау болып табылатынын атап өтті. КПК-нің 472-бабына сәйкес, заңды күшіне енген сот актілері, міндетті түрде орындалуға жатады, ал  олардың толықтығы және уақытылығы сот төрелігі жүйесінің жұмыс бағасының өлшемінің бірі болып табылады. 2010 жылдан 2017 жылдың тамыз айы аралығында қылмыстық істер бойынша  орындалмаған сот актілеріне статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Сонымен қатар, қылмыстық істер бойынша орындалмаған сот актілерінің басым бөлігі сот үкімімен мемлекет пайдасына сотталған адамның мүлкін тәркілеу және мемлекет кірісіне өндірілетін мемлекеттік баж бойынша жеткілікті шара қолданылмайтынын басып айтты. Осы бағытта мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының  жұмысы  қанағаттандарылмайды, барлық орындалмаған сот актілері бойынша ескертулер жолданған, алайда бұл шаралар нәтижесіз. Сонымен бірге, жеке сот орындаушылармен атқару парақтарын негізсіз қайтару жағдайлар болып тұратынын, атқару парақтардың толтыру талаптарына  сәйкес келмейді деп, ал тексеру барысында, бұл кемшіліктер өз орнын таппағаны анықталды. 

Дөңгелек үстел барысында осы мәселеге қатысты қатысушылар пікірлері тыңдалды.

Осы мәселелерді талқылау бойынша мемлекеттік және жеке сот орындаушылармен бір апта ішінде барлық орындалмаған сот актілері бойынша салыстыру өткізіліп, оның нәтижесі бойынша ортақ  шараларды қабылдау туралы шешімге келді.

Сонымен бірге, шара соңында өкілетті органдарының бастамасымен осы мәселелерді талқылау практикасын енгізу туралы ұсыныс айтылды.

 

ШҚО  қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі