Регрессивті талап ішінара қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында «Нұрбанк» Акционерлік қоғамының еншілеп ұйымы «Нұрполис» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ның М.-ға сақтандыру сомасын регрессивті тәртіппен өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. 

Іс құжаттарынан анықталғандай, М., алкогольдық масаң күйде көлік құралын басқара отырып, жол жүрісі қағидаларын бұзып, басқа автокөлікпен соқтығысқан, соқтығыс нәтижесінде жәбірленуші К.-ның автокөлігі зақымданып, оған материалдық зиян келтірілген, осы үшін М. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен жауапқа тартылған, жауапкердің азаматтық құқықтық жауапкершілігі талап қоюшыда сақтандырылған болатын, талап қоюшы сақтандыру оқиғасы нәтижесінде К.-ға автокөлігін жөндеуге 52202 тенге төлеген, осы соманы және автокөлікті бағалауға жұмсаған 3000 тенге сомаларын жауапкерден регрестік тәртіппен өндіруді сұраған.     

Талап қою арызы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден тек төленген сақтандыру сомасы өндірілген. Сот, сақтандырушыға заңмен тек төленген төлем мөлшерiнде керi талап қоюға (регресс) құқық берілген, келтірілген зиянды бағалау - сақтандырушының міндеті болып табылады, оны анықтаудағы шығыны келтірген талап арыз аясында өтелуге жатпайды деген тұжырымға келді.   

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі