Пара бергені үшін 1 000 000 теңге көлемінде айыппұл тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен  қаласының  №2  сотында  Н-ға  қатысты  ҚР ҚК-нің 367-бабы, 1-бөлігі (Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды  атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру).бойынша қылмыстық іс қаралды

«Өскемен қаласы ветеринария бөлімі» ММ-нің басшысы С. 2017 жылы сәуір айында, ірі қара малдың және басқа жануарлардың терісін қабылдап, өткізумен шұғылданған кәсіпкер Н-мен кездескені сотта белгі болды. Н. өзінің кәсібін ветеринарно-санитариялық  қортындысыз  жүргізгенін анықтаған соң, С. оған қортындыны алуды нұсқау еткен. 2017 жылы мамыр айында Н. «Өскемен қаласы ветеренария  бөлімі» ММ-нің басшысы С-ның кабинетінде оған 50 000 теңге көлемінде, ветеренарно-санитариялық  қортындыны алу үшін пара ұсынған. С. бұған өз келісімін  берген.  Содан  соң, Н. С-ға аталған соманың 20 000 теңгесін қайтарған.  Ал қалған сомасын кейін беретінін айтқан.  Оған С. параның қалған сомасын «Өскемен қаласы ветеренария  бөлімі» ММ-нің, жануарлардан алынатын  шикізатты қабылдап, сақтап және сататын кәсіпкерлермен жетекшілік ететін, бас маман К. арқылы  беруді  сұрған.  Біраз уақыт өткен соң,  Н. К-мен кездесіп, параның қалған 30 000 теңгесін берді. Ал К. бұл соманы «Өскемен қаласы ветеренария  бөлімі» ММ-нің басшысы С-ға берген.

Сот үкімімен Н. жемқорлық құқық бұзушылық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 000 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасай алмайтын жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі