Өскемен қаласының тұрғыны жалған сөз жеткізгені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен  қаласының  №2  сотында  Г-ға  қатысты  ҚР ҚК-нің 419- бабы, 3-бөлігі  (адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған іс-әрекет ) бойынша қылмыстық  іс қаралды

Велосипедті жалға беретін дүкенде жұмыс істеген Г., танысы Т-ға,  жалға алатын қажетті құжаттарды толтырмай  екі велосипедті  бір сағатқа жалға бергені сотта анықталған.  Бір сағат уақыт өткеннен  кейін және жұмыс аяқталған  уақытта да велосипедтер  қайтарылмаған, ал Г. жұмыс уақыты аяқталған соң үйіне қайтқан. Келесі күні  дүкеннің иесі келіп, екі велосипедтің жетіспейтінін анықтаған. Г. дүкен иесі оны жұмыстан қысқартатындығынан қорқып, таныс жігіт кешкі мезгілде дүкенге келіп, денсаулығына зиян келтірумен қорқытып, күштеп екі велосипедті алып кеткенін хабарлады. Г. денсаулығына зиян келтіру арқылы тонау жасалғаны туралы  Полиция бөліміне жазбаша өтініш түсіріп, өтініш СТДБТ-ға тіркелген. Алдын  ала тергеу барысында, қылмыстық іс бойынша өндіріс қылмыстық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Сот  отырысының барысында, кінәні мойындау нәтижесінде екі жақ  процессуалдық келісімге келді.

Сот үкімі бойынша Г. қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  3 жыл мерзімге бас  бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі