Медиаторлардың қатысуымен семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотының төрағасы Э.З. Рауясова, судья А.К. Сыздыковтың, кәсіби емес медиаторлардың, мекеме заңгерлерінің және Курчатов қаласы әкімдігінің заң бөлімі маманының қатысуымен, білім бөлімінің мәжіліс залында «Медиацияның қолдану аясы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар аясында сот төрағасының «Медиацияның қолдану аясы» тақырыбында баяндамасы тыңдалды. Соңғы жылдары қоғамдағы үнемі дамушы демократиялық үрдістермен, қоғамның барлық субъектілері – жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты Қазақстан Республикасының соттарында жүктеме көбейгенін айтып өтті. Осындай жағдайда татуластыру рәсімдерін қолдану және дамыту өзекті болып табылады. Қоғам даудың тек сотта ғана емес, сондай-ақ сотқа жетпей шешілуіне мүдделі. Осындай құралдың бірі медиация болып табылатынын жеткізді. Сот төрағасы  медиация түсінігі мен қағидалары туралы айтып өтіп, статистикалық мәліметтер келтірді. Медиация өткізу қызметі үшін төлем түрлері де баяндалды. Осылайша, ҚР АПК-де талапкерге төленген мемлекеттік баж қайтару кепілдендіретін норма бекітілген.

Сонымен қатар, медиаторлар кеңесінің төрағасы Ш.И. Түлеутаев баяндама оқып, медиаторлар кеңесіне жаңадан мүше болған тұлғаларды таныстырды.

Семинар соңында соттың өкілдері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, қатысушылармен аталған тақырып бойынша туындаған өзекті сұрақтарды талқылап, оларды шешудің тиімді жолдары қарастырылды.

 

Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі