Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотымен, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73 бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, Глубокое ауданы Белоусовка кентелоусовка кентінің тұрғыны С. бірге тұратын М.-мен  арасында туындаған ұрыс кезінде балағатты сөздер айтып, оның ар-ожданын қорлаған.

Сонымен қатар, сот отырысына барысында сотпен тараптарға ҚР «Медиация туралы» Заңының әрекет ету тәртібімен  жанжалды шешу мүмкіндіктері туралы, медиациялық келісім бекітудің тараптардың мүліктік жағдайына және де олардың қарым-қатынастарына әсер етуші жағымды аспектілері туралы ақпарат жеткізілген.

Кейін,  жәбірленуші мен құқық бұзушы медиация тәртібімен татуласып, дауды реттеу келісімін ұсынып, оны соттан бекітуді және іс өндірісін қысқартуды сұрады.

Сот қаулысымен жанжалды реттеу туралы келісім бекітіліп, құқық бұзушы С. әкімшілік жауапкершіліктен босатылды, әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі