«Экономикалық сот судьяларына арналған семинар сабағы»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьяларына арналған оңалту және банкроттық пен мемлекеттік сатып алулар туралы істер бойынша сот практикасы жөнінде көшпелі семинар сабағын өткізді. 

Семинар жұмысында азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары мен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары қатысты.

Семинар оңалту және банкроттық пен мемлекеттік сатып алулар туралы азаматтық істерді қарау бойынша біркелкі сот практикасын қалыптастыруға арналды.

Көрсетілген тақырыптар бойынша азаматтық істер жөніндегі сот алқасы судьялары Е.У.Садыков пен Б.Ф.Шарнаева өздерінің баяндамаларын жасап, бірінші сатыдағы соттардың судьяларына көрсетілген құқықтық қатынастарды реттейтін қолданыстағы құқық нормаларын қолдану тәртіптерін түсіндіріп, осы санаттағы істер бойынша республика соттарында қалыптасқан сот практикасына тоқтала келе, экономикалық соттың жұмысындағы кемшіліктерді көрсетті.  

Іс-шараның соңында, облыстық сот судьяларымен біркелкі сот практикасын қалыптастыру мақсатында тиісті ұсынымдар берілді.

 

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

баспасөз қызметі