Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының 293-бабының, 1 бөлігімен (Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу) көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін азамат К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы дәмханада алкогольды масаң күйінде кенеттен пайда болған жағымсыз жағдайлардың салдарынан жәбірленушінің басына шыны стақанды лақтырған. Бұзақылық әрекеттердің нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген, ал дәмхана иесіне  3000 теңге материалдық залал келтірілген.  

Сот талқылауы барысында тараптардан медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш түсті.

Сот қаулысымен  ҚК-тің 293-бабының 1 бөлігімен қарастырылған қылмыс жасаған  К.-ны айыптау туралы қылмыстық іс жәбірленушінің медиация тәртібімен татуласуына байланысты өндіріспен қысқартылды.                 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі