Бес тәулік әкімшілік қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қоғамда болып жатқан қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың көп жағдайда алкогольдік масаң күйде болған тұлғалармен жасалатындығы белгілі. Осы орайда, қылмыстардың алдын алу үшін, алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзып жүрген ұсақ бұзақыларды жауапкершілікке тарту жұмыстары қарқынды болуы қажет. 

Күршім ауданының № 2 аудандық соты бір жыл ішінде бірнеше мәрте көпшілік орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапқа тартылған, дәл сол әрекетін 2017 жылдың  30 тамыз күні   қайталап, қоғамдық орында адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде болған Э. есімді азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Сот отырысында аталған азамат  өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен азамат  Э. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 440-бабының, 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. 

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі