Архив событий

20/10/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Сот шешімі орындалуымен құнды» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

20/10/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Сот шешімі орындалуымен құнды» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 Іс-шара Теректі аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысының қатысуымен өтті. 

Сот төрағасы Р. Омаров өз сөзінде: «Сот шешімінің орындалуы – азаматтардың құқықтары мен бостандығының кепілі, себебі шешімнің орындалуы арқылы Қазақстан заңымен бекітілген адамның құқығы мен бостандығының сақталуы жүзеге асады», - деп атап өтті.

Өзбекстан Республикасының 5 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

20/10/2017

Тарбағатай ауданының № 2 аудандық сотында ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауы) бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған Өзбекстан Республикасының 5 азаматтарына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында сот процессінде дыбыс-бейне құрылғысын пайдалану мәселесі туралы семинар өтті

20/10/2017

Ұлан ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі сот хатшыларымен бірге «Дыбыс-бейне құрылғысын тиісті түрде қолдану» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

«Н» АҚ-ның құлаған шатыры үшін автокөлік иесіне материалдық шығын өтелді

20/10/2017

 Азамат И. сотқа «Н» АҚ-на материалдық шығынды өндіруді сұрап жүгінді. Талабында автокөлігіне шатыр құлағанын, нәтижесінде автокөлігі бүлініп, оған материалдық шығын келгенін, шығынды 523113 теңгеге бағалайтынын айтқан. Сондықтан шығынды жауапкерден өндіруді сұраған.

Азаматтық істі сотта қарау барысында жауапкердің өкілдері талапты мойындамаған.

Талапкердің автокөлігіне шатыр «Н» АҚ-на жататын ғимараттан құлағандықтан, талапкердің талабы ішінара қанағаттандырылып, оның пайдасына материалдық шығын өндірілді. 

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізілді

20/10/2017

Семинарға Таврия сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы В.Казак, Таврия полиция  бөлімінің кеңсе маманы Г.И.Волощенко, Таврия ауылдық халыққа қызмет көрсету  бөлімінің маманы И.И.Корнева, Таврия ауылдық әкімдігінің бас маманы З.Касымова және аудандық соттың қызметкерлері қатысты.

ШҚО тұрғыны алдау жолымен 1 400 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты иемденген

20/10/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-тің 190 бабының 3 бөлігінің 1 тармағы бойынша (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде бөтен мүлiкке құқықты иемдену) азамат М-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында «Медиация Заңының қолданылуы аясы туралы» дөңгелек үстел өтті

20/10/2017

Іс-шараға аудандық соттың судьясы А. Байжуменова, прокурор Б. Аманов, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Б. Наурызбаев, адвокат Р. Камидулинов,  кәсіби емес медиатор К. Омаров қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотының ұжымы «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына арналған көрмені көруге барды

20/10/2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында жаңа типті жаңғыртудың бірінші шарты – ол өзіңнің мәдениетіңді, ұлттық кодыңды, тарихыңды сақтау деп айтылған.

Мақаланы жүзеге асыру мақсатында сот төрағасының м.а. Касымов Казбек бастаған Өскемен қаласының №2 сотының ұжымы Облыстық тарихи-аймақтық мұражайында «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына арналып өткізіліп жатқан көрмеге барды.  

Ішімдік ішіп көлік жүргізгені үшін құқық бұзушы Ұлан ауданының №2 аудандық сотымен көлік құралын басқару құқығынан айырылды

20/10/2017

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотымен ӘҚБК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотпен аңықталғандай, К.  алкогольді масан күйінде көлік басқарып, жол жүру қозғалысы Ережесінің 2 тарауы 4 бабы 2 тармақшасын бұзған.

Сотта құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, істеген іс әрекетіне өкінді.

Қарызды өндіріп алу туралы дау бітімгерлік жолымен шешілді

20/10/2017

Бесқарағай аудандық сотымен «Қазақтелеком» АҚ-ның М.Какимоваға қатысты қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітіп, жауапкер 11 961 теңге қарызын өтеген жағдайда талапкер өз талап арызынан бас тартатындығын білдірді

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

20/10/2017

Семинарда  кеңсе  меңгерушісі Т.Тоқтарбеков мемлекеттік қызметшілердің  әдеп Кодексінің ережелерін және мемлекеттік қызметшілердің  қызметтік  және қызметтен тыс уақыттағы ұстанатын мінез-құлық  стандаттарын    атап  өтті.

«Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел

20/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья С.М. Тутканбаеваның бастауымен, «К.Нургалиев атындағы № 43 мектеп-гимназия» КММ, «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицей» КММ, «№ 45 бейінді орта мектеп» КММ, «№ 46 орта мектеп» КММ, «Ахмеровская орта мектеп» КММ, «Меноновская орта мектеп» КММ, «Ново-Троицкая орта мектеп» КММ, «Оқу-өндірістік комбинат» КММ, «Крупской атындағы толымсыз жалпы орта білім беру мектеп-интернат»  директорларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Катонқарағай аудандық сотында тренинг өтті

20/10/2017

Катонқарағай аудандық сотында судьялар мен мамандардың қатысуымен  «Ахуалдық орталық жұмысының негізгі бағыттары» тақырыбында тренинг өтті.

Кеңсе меңгерушісі Жансултанова Э.К. тренингке қатысушылардың барлығын республиканың барлық  соттарынан келіп түскен сот қызметінің біріңғай мониторинг жүйесін онлайн режимінде ұсынатын және маңызды сот ақпаратын тәулік бойы жинау және талдауды жүргізетін ҚР Жоғарғы Сотының Ахуалдық Орталығының негізгі жұмысымен таныстырды.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы «Жасұлан» лицейдің оқушыларымен кездесу өткізді

20/10/2017

Семей қаласының № 2 ювеналды сотының судьясы Р.З.Байжуманова және психолог Р.С.Самарова Ш.Уәлиханов атындағы мамандандырылған «Жасұлан» мектеп-лицей-интернаттағы оқушылармен кездесу өткізді.

Судья Р.З.Байжуманова оқушылармен қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтардың  алдын алу үшін профилактикалық жұмыс өткізді. Кездесу барысында мектеп оқушыларына медиация туралы, оның қажеттілігі мен қолданылуы, бітімгершілік рәсімінің негізгі жүргізу рәсімдері туралы талқылап айтып берді.

«Медиация - дауласушы тараптарды татуластыру рәсімі» тақырыбына кездесу өтті

20/10/2017

Катонқарағай аудандық «Нұр-Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауында   «Медиация - дауласушы тараптарды татуластыру рәсімі» тақырыбына кездесу өткізілді.

Аталмыш шараға «Нұр-Отан» партиясының қызметкерлері, Улкен Нарын ауылдық округінің мамандары және аудандық сот қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты.

Зайсан аудандық сотында «Бала құқықтары туралы конвенцияны» талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

20/10/2017

Дөңгелек үстелге Зайсан аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев, судьялар Н.З.Хасенбаев, Г.С.Нуртазинова, Ш.О.Оспанова,  аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі, әділет басқармасы, білім бөлімі, пробация қызметі өкілдері қатысты.

Кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты қылмыстық іс медиациямен аяқталды

20/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында И. есімді азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 149 бабы 2 бөлімімен қарастырылған қылмыстық іс қаралды.

Катонқарағай аудандық сотында «Адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек туралы» заң жобаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

20/10/2017

Катонқарағай аудандық сотында Үкімет әзірлеген «Адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек туралы»  заң жобаларын талқылау бойынша аудандық адвокат Б. Кусаинова және Әділет басқармасының өкілі А. Амангельдиновтың қатысумен дөңгелек үстел өткізілді.

Катонқарағай аудандық сотының судьясы Н. Нурсапинов өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жарыспалылық қағидатын күшейтуді және адвокаттардың құқықтарын кеңейтуді көздейтін қылмыстық процестік заңнаманы жаңғырту жұмыстары басталғанын атап өтті.

«Сот кабинеті» сервисінің мобильді қосымшасы»

20/10/2017

Көкпекті аудандық сотының сот приставы Б. Куржанбаевпен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» КЕАҚ ШҚО бойынша филиалы-«ХҚКО» департаментінің Көкпекті аудандық бөлімінде «Сот кабинеті» сервисінің мобильді қосымшасы» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.

Аталған шараға Көкпекті аудандық бөлімінің басшысы Е.Табиғатов және мекеменің қызметкерлері қатысты.

Заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің банкроттығы және мемлекеттік бажды қайтару сұрақтары талқыға салынды

20/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің банкроттығы», «Мемлекеттік бажды қайтару барысында туындайтын сұрақтар» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді.

ШҚО-да ірі кәсіпорынның алты жұмысшысы «шликерді» ұрламақшы болғандары ұшін сотталды

20/10/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен И., Т.,Ж.,К.,Ж.,Е. –ға қатысты ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі, 188 бабы 3 бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ірі мөлшерде жасырын жымқыруға оқталу) қылмыстық іс қаралды.

Адвокаттық қызмет туралы брифинг өткізілді

20/10/2017

Аягөз аудандық сотының төрағасы Р.А. Турабаев,  БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын талқылау бойынша брифинг өткізді.

Брифинг отырысына Аягөз ауданының адвокаттары қатысты.

Төраға Р.А. Турабаев іс шараны ашып, «Бұл заң жобасының негізгі ұсынылып отырған жаңалықтары адвокаттық қызмет және құқықтық көмек туралы заң жобасын біріңғай принципке жүйелеу және бекіту, заң көмегін қоғамдық игіліктер негіздерінде көрсету», - деп атап өтті. 

Қылмыстық сот өндірісінде медиация тәртібін қолдануды насихаттау оң нәтижелер беруде

20/10/2017

2011 жылы 28 қаңтарда Қазахстанда «Медиация туралы» Заң қабылданған. Жеке және заңды тұлғаларда туындайтын азаматтық, отбасылық, еңбек жағдайларында  немесе басқада құқықтық қатынастарда пайда болатын дау-дамай (шиеленіс) медиация тәртібін қолданудың негіздері болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар сабағы өтті

20/10/2017

Аягөз аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Т. Жунусова Аягөз аудандық сотының сот қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Семинарда игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар, өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген міндеттерін атқаруына байланысты және қызметі бойынша өздеріне тәуелді адамдардың сыйлықтарын алу немесе қызметін қабылдау туралы талқыланды.

Зайсан аудандық сотында Ахуалдық Орталық жұмысы туралы семинар өтті

20/10/2017

Зайсан аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Ахуалдық Орталық жұмысы туралы семинар сабағы өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев, судьялары Г.С.Нуртазинова, Н.З.Хасенбаев, Ш.О.Оспанова, барлық сот мамандары қатысты.