Архив событий

02/10/2017

Студенттермен кездесу өтті

02/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов С. Аманжолов атындағы ШҚМУ заң факультетінің 4-курс студенттері және ұстаз, сот жүйесінің ардагері Айткен Саменовичем Амиргалиевпен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, кездесуге Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары Е. С. Қоянбаев, Қ.Б.Забенов, кеңсе меңгерушісі А.К.Кайсанова, сот кеңсе мамандары қатысты.

«Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылауға арналған жиналыс өтті»

02/10/2017

Глубокое ауданы әкімдігінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа бағытына жауапты комитеті мүшелерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылауға арналған жиналыс өткізілді.

Аягөз аудандық сотында «Тергеу судьясының тергеушінің санкциялау туралы өтінішін қарауы» тақырыбында семинар өтті

02/10/2017

Аягөз аудандық сотында «Тергеу судьясы  тергеушісінің санкциялау туралы өтінішін қарауы» тақырыбында Аягөз аудандық сотының судьялары К.П. Халелова, Б.А. Оразек, Б.Қ. Қаджиақпаров, Аягөз АІІБ-ның тергеу бөлімінің бастығы С. Адильбеков және тергеушілерімен қатысуымен семинар сабағы өтті.

Семинар барысында тергеу судьясы тергеушісінің өтінішін қарау тәртібі талқыланды.

Аягөз аудандық сотында «Соттағы өкілдік» тақырыбында семинар өтті

02/10/2017

Аягөз аудандық сотында «Соттағы өкілдік» тақырыбында судья К.П. Халелованың және Аягөз қаласының адвокаттарының қатысуымен семинар сабағы өтті.

Семинар барысында азаматтық іс жүргізу барысында соттағы өкілдіктердің талаптары талқыланды.

«Қарттар күні» мерекесі

02/10/2017

Қарттар күні – мейірім мен шуаққа толы айтулы күн. Бұл күні біз қарттарымызға деген қамқорлығымыз бен құрметімізді барынша тағы бір мәрте көрсетуге, ерекше ілтипат танытуға тырысамыз. Өскелең ұрпақ үшін әр салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған көнекөз қарияларымыздың орны ерекше.                                                                                          

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді

02/10/2017

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.М.Садуакасова сот төрелігін жүзеге асырудың жәйі туралы тоғыз айдың қортындысы   бойынша БАҚ өкілдерімен баспасөз маслихатын өткізді.

Шараға жергілікті «Семей таңы» газетінің Тарбағатай ауданындағы меншікті тілшісі  Х.Сатиев, жергілікті «Тарбағатай» газетінің редакторы Е.Жұмаханов, «Біздің заман» газетінің құрылтайшысы Е.Құттыбаев, қатысты.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

02/10/2017

Зайсан аудандық сотында А. деген азаматқа қатысты танысына қасақана жеңіл дене жарақатын салғаны үшін ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Азамат А. Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылындағы үйінде өзімен бірге отырған танысы Б деген азаматпен сөзге келіспей қалып, оны ұрып-соғып, оған қасақаны жеңіл дене жарақатын салған.

Құқық бұзушы мен жәбірленушінің медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік іс тоқтатылды

02/10/2017

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі ӘҚБтК-нің) 73-1 бабының 1 бөлігімен аудандық ішкі істер бөлімінен түскен іс қаралды.

Сот отырысында құқық бұзушының Көкжыра ауылы орталық көшесінің бойында автокөліктін ішінде  аз.Л-мен  сөзге келісіпей жеңіл дәрежеде дене жарақатын салғаны, сот-медициналық сараптама қорытындысымен,  құқық бұзушының кінәсін толық мойындап берген жауабымен анықталды.

Қылмыстық іс сотталушы мен жәбірленушінің татуласына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылды

02/10/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Е. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК 188 бабы 1 бөлігімен (бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс қаралды.

Е. өзінің ескі танысы М. есімді азаматтың  тұрып жатқан үйіне кіріп жатын бөлмеде жатқан «Нокиа» маркалы ұялы телефонын, флешкасын, терезе алында тұрған «классик» маркалы темекісін жасырын ұрлап, жәбірленуші М.-ға 10200 теңге материалдық залал келтірген.

Жер дауын даулаған тараптар медиация тәртібімен татуласты

02/10/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында талапкер Г. есімді азаматшаның жауапкерлер С. және Р. есімді азаматшаның заңсыз иеленген жерді босату туралы азаматтық  ісі қаралды.

Г. өз талабында өзінің дүкенінде жұмыс жасайтынын, өзіне тиесілі 1.80м. жерді көрші тұрған дүкен иелерінің заңсыз иемденіп, жылытпа салып алғандарын, өзі заңды түрде тиесілі 1.80 м. жерді қайтарып беруді сұрады.

Зейнеткерлер мен қарттарды әрқашан құрметтеу қажет

02/10/2017

1-қазан күні жер шарының көптеген елдерінде қарттар күнін тойлайды, біздің мемлекетіміздің көптеген өңірлерінде бұл айтулы мерекеге  арналған шаралар өткізіледі.

Бұл күні Катонқарағай аудандық сотында 10 жылдан артық жүргізуші болып қызмет еткен зейнеткер  Миллер Анатолий Владимирович назардан тыс қалмады.

Шара барысында сот төрағасы Б. Т. Секербеков ұжымның және жеке өз атынан Анатолий Владимировичті құттықтап зейнеткерлер мен қаттарды әрқашан құрметтеу тиіс екендігін айтып, естелік сыйлық сыйлады.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында брифинг өтті

02/10/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында сот төрағасы  Р. Омаров  жергілікті «Рауан-Заря» газетінің тілшісіне арнап брифинг өткізді.

Кездесу барысында Р. Омаров бұқаралық ақпарат құралдардың өкіліне 2017 жылдың 9 айында соттың атқарған жұмыс қорытындысы жайлы ақпарат берді.

Судьялар және қызметкерлер арасында «Қылмыстық процесте халықаралық пактілерді қолдану» тақырыбында дәріс өткізді

02/10/2017

Катонқарағай аудандық сотында судья лауазымына үміткер тәлімгер Т.А.Сивицкая судьялар және қызметкерлер арасында «Қылмыстық  процессте халықаралық пактілерді қолдану» тақырыбында дәріс өткізді.

Ол өз сөзінде, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері азаматтық процестік құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады.

«Моральдық зиянды өтеу туралы істерді қарау мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

02/10/2017

Күршім ауданының № 2 сотында «Моральдық зиянды өтеу туралы істерді қарау мәселелері» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудандық прокуратураның өкілдері және адвокаттар қатысты.

Сұхбат берілді

02/10/2017

Өскемен қаласының №2 сот төрағасы Г.Ф.Адильбаевадан облыстық «Устинка» газетінің тілшісі В.Скрипниченко «Үкім шығаруда жаза тағайындау тәжірибесі» тақырыбында сұхбат алды. 

Мамандандырылған сот ұжымы қарттар күні мерекесі қарсаңында сот жүйесінің ардагерін құттықтады

02/10/2017

«Халықаралық Қарттар күні» мейрамы қарсаңында  сот төрағасы Б. Ә. Кәсенов және Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы  сот жүйесінің ардагері, қазіргі таңда С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті заң факультетінің  ұстазы Айтикен Саменұлы Әмірғалиевті құттықтады.

Өскемен қаласының №2 сотымен оқу процесі өткізілді

02/10/2017

Өскемен қаласының №2 сотында оқу-көрсеткіш сот процестері өткізілді.  

Іс шара мақсаты – болашақ судьялардың дайындық сапасын көтеру, болашақ мамандықтарын меңгеруде студент-заңгерлердің кәсіби дағдыларын ынталандыру және тұрақты мемлекеттік қызметкерлер қорын қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.

ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен татуластыру рәсімдерін түсіндіру жұмысы жалғасуда

02/10/2017

Медиацияны дамыту саласындағы жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру мақсатында Семей қаласының ювеналды сотының кеңсе меңгерушісі А.Ахметова және Халықаралық құқық қорғау орталығының кәсіби медиаторы О.Кузнецова Бизнес және сервис колледжінің студенттерімен құқық түсіндіру жұмысын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын және медиация саласындағы ақпараттылығын жоғарылату.

Сот төрағасы заң факультетінің студенттерімен кездесу өткізді

02/10/2017

Өскемен қаласының №2 сотында оқу-тәжірибелік сот процестері өткізілді.

Іс-шара соңында сот төрағасы Г.Адильбаева судья лауазымына үміткерлер А.Бектыбаевамен, Ж.Касеновамен және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің 2-курс студенттерімен кездесу өткізді.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы» тақырыбына семинар өткізілді

02/10/2017

Семей қаласының №2 ювеналды сотында сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасы» тақырыбына семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – сот мамандардың моральдық-адамгершiлік бейнесiн және iскерлiк қасиеттерін арттыру.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады

02/10/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында пленарлық мәжіліс өтті. Мәжілісте  Қазақстан Республикасы Президентінің 22.09.2017 ж №551 Жарлығымен тағайындалған  судьялар: Семей қалалық сотына -  Бушанов Арслан  Васильевич, Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына – Семей қалалық №2 сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып - Бұлғынбаев Даулетбек Бактиярұлы, Зырян аудандық сотына – Шамшаева Бибигуль  Абайқызы таныстырылды.