Архив событий

04/10/2017

Құқық бұзушы мен жәбірленушінің медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік іс тоқтатылды

04/10/2017

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі ӘҚБтК-нің) 73-1 бабының 1 бөлігімен аудандық ішкі істер бөлімінен түскен іс қаралды.

Сот отырысында құқық бұзушының Көкжыра ауылы орталық көшесінің бойында авто көліктін ішінде  қайын апайы Л-мен  сөзге келісіпей жеңіл дәрежеде дене жарақатын салғаны 21.08.2017 жылғы № 82  сот-медициналық сараптама қорытындысымен,  құқық бұзушының кінәсін толық мойындап берген жауабымен анықталды.

Тарбағатай аудандық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

04/10/2017

Шараға судьялар және кеңсе мамандары қатысты. Шараны үйымдастырушы «Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасындағы 1-10 қадамдар кәсіби мемлекеттік құруға бағытталғанын тағы бір назарға салды.

Біздің еліміздегі мемлекеттік билік заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, барлық мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы қалыптасқандығына тоқталды.  Яғни мемлекеттік органның қайсысын алсақта бірінші кезекте мемлекеттік қызмет атқарудың ортақ қағидаттарының сақталуы жолға қойылғанын түсіндірді.

Қылмыстық іс бойынша сотталушы сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жазаланды

04/10/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотына Н. есімді азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 653 бабы 1 бөлігімен (сотқа құрметтемеушілік білдіру)  әкімшілік іс қаралды.

Н. өзіне қатысты ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігімен қозғалған теріс қылық жасаған қылмыстық ісіне сотқа кешігіп келген.

Өскемен қаласының №2 сотының ұжымы сот төрағасын құрметті демалысқа шығарып салды

04/10/2017

Өскемен қаласының №2 сотының ұжымы салтанатты түрде сот төрағасы Гульнара Адильбаеваны құрметті демалысқа шығуымен құттықтады.

Гульнара Адильбаева Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Катон ауылында прокуратура қызметкері мен ұстаздың отбасында дүниеге келген.

Назарға алу үшін!

04/10/2017

  2017 жылдың 3 қазанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өту үшін Шығыс Қазақстан облыстық сотына 6 бос орын бөлінген.

 «Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуi туралы» Ережесіне сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық соты, ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын 2017 жылдың 4 қарашаға дейін қабылдайды.

 

Шығыс Қазақстан облысы

бойынша соттар Әкімшісінің

персоналды басқару бөлімі

Рұқсат құжатынсыз балық тасымалдаған

04/10/2017

Күршім аудандық соты ӘҚБтК 389-бабы, 1-бөлігі (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау) бойынша құқық бұзушылық жасаған  М.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, құқықбұзушы М.   өзінің көлігінде шортан тектес  115,5 кг. балық өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз заңсыз тасымалдағаны анықтылды.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Е.Ф. Кудербаевты салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өтті

04/10/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында осы соттың судьясы Е.Ф. Кудербаевты салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі өткізілді.

Аталмыш шараға соттың судьялары мен мамандары, медиаторлар және Өскемен қаласының прокуратурасы мен ІІБ-ның өкілдері қатысты.  

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

04/10/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Катонқарағай ауданының №2 аудандық стының судьясы Г.Күдербаева, Катонқарағай ауылындағы мектептердің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Қаруды сақтағаны үшін айыппұл салынды

04/10/2017

Зырян аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының, 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік іс қарады.

Р.  тұрғылықты мекенжайында Зырян қаласында ішкі істер органдарында тіркелмеген 16 калибрді тегіс ұңғылы аңшылық қаруды сақтаған. Сонымен азаматтық қаруды сақтау ережелерін бұзған.

Сотпен 9 айда атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

04/10/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Р.Омаровпен 2017 жылдың 9 айда атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз маслихаты өткізілді.

Шара барысында сот төрағасы соттың тоқсандық жұмысы жөнінде баяндап, сотқа түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін атап өтті.

Пәтерде оқ атқаны үшін жазаланды

04/10/2017

Зырян аудандық сотында құқықбұзушы  Н-ға  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Н.  Зырян қаласы Фрунзе көшесінде орналасқан пәтерінде, яғни елді мекенінде, өзінің әкесіне тіркелген пневматикалық винтовкамен оқ атқан.