Архив событий

03/10/2017

Ағымдағы жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстары қорытындыланды

03/10/2017

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында сот төрағасы Н.О.Нұралинов 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатына «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің өкілдері қатысты.

2017 жылдың 9 айындағы атқарылған сот жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

03/10/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатқа соттың судьялары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында сот төрағасы соттың 9 айлық жұмысы жөнінде баяндап, сотқа түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін атап өтті.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинетін қолданудың тиімділігі» тақырыбында ашық есік күні өткізілді

03/10/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сот кабинеті жүйесін қолданудың тиімділігі» тақырыбында «Ашық есік күні» өткізілді.

Шараның мақсаты «Сот кабинеті» сервисі туралы тиісті ақпаратты жариялап, түсіндірме жүргізу.

«Ашық есік күні» өтті

03/10/2017

Достық  үйінде  «Медиация жолымен дауды шешу» тақырыбында  «Ашық есік күні» өтті, оның басты мақсаты азаматтармен сұрақ-жауап үлгісінде тілдесу еді.

Аталған шараға Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы Н.Нұралинов  және ауыл тұрғындары  қатысты.

Мерекемен құттықтады

03/10/2017

Курчатов қалалық сотының ұжымы еңбек ардагері және тыл еңбеккері Евдокия Сергееевна Понамареваны «Халықаралық қарттар күні» мерекесімен құттықтады.

Мереке күні Евдокия Сергеевнаны арнайы құттықтауға келген сот төрағасы Э.З. Рауясова бастаған ұжым оған өздерінің сыйлықтарын табыс етті.

Өз кезегінде қарт еңбеккер өзінің өмірбаянымен еңбек жолы туралы айтып берді. Құттықтап келген сот ұжымына ыстық ықыласы мен алғысын білдірді.

 

Қылмыстық іс медиация тәртібінде аяқталды

03/10/2017

Күршім аудандық соты ҚР қк 188-бабы, 1-тармағы бойынша (ұрлық) айыпталған К., - ға  қатысты қылмыстық іс медиациямен аяқталды. 

Іс материалдары  бойынша   К., алкогольдік  мас күйінде Т.-ға тиесілі «Дәметкен ана» дәмханасының терезесін шағу арқылы ішіне заңсыз кіріп, жалпы құны 45 000 теңге тұратын әр-түрлі тауарларды жасырын жымқырған. Жәбірленушіге  45 000 теңге көлемінде материалдық зиян келтірген.   

Сот талқылауы барысында сотталушы мен жәбірленуші арасында медиативтік келісім жасалды.

2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша брифинг өтті

03/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б. Кәсеновпен БАҚ-ның өкілдеріне 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Сот төрағасы Б. А. Касенов 2017 жылдың 9 айындағы  жалпы атқарылған жұмыс нәтижелері және аяқталған істер бойынша  талдау қорытындысы жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар, сот төрелігін жүзеге асыру сапасы бойынша ағымдағы жылмен өтіп кеткен жылдың салыстырмалы есебін сот төрағасы Б. А. Касенов айтып өтті.

Іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

03/10/2017

Курчатов қалалық  сотымен ҚК 188-бабының 1-бөлігімен  (ұрлық)  азаматша Т.-ны айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғаны, сотталушы Т. азаматша Д.-мен  «Аида» дүкенініне банкоматтан ақша шешіп, азық-түлік алу үшін келген. Бағаларды қарау кезінде, дүкенде орналасқан тоңазытқыштың сөресінде, жәбірленуші Ж.-ның кәмелетке толмаған қызына тиесілі «Samsung J7» маркалы ұялы телефонын байқап қалып, оның әлденеге алданып тұрғанын пайдаланып, аталаған ұялы телефонды жасырын ұрлап алған.

Сотпен айыптау үкімі шығарылды

03/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны,  М-ға алкогольдік масаю күйінде өзінің жұбайын өлтірген.

Сот отырысында сотталушы М. өзіне тағылған айыпты толықтай мойындады.

Сот үкімімен М.-ға 8 (сегіз) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.