Қарызды өндіріп алу туралы дау бітімгерлік жолымен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бесқарағай аудандық сотымен «Қазақтелеком» АҚ-ның М.Какимоваға қатысты қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітіп, жауапкер 11 961 теңге қарызын өтеген жағдайда талапкер өз талап арызынан бас тартатындығын білдірді

Азаматтық процестік кодексінің 179 бабына сәйкес, тараптар кеңесу бөлмесіне соттың шығып кетуіне дейін алғашқы,  апелляциялық, кассациялық сатыдағы соттарда дауды медиация тәртібінде реттеуге өтініш білдіруге құқылы.                                                                                              

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша өндіріс қысқартылды. Салық Кодексінің 548 бабы бойынша талапкерге төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.                                                 

Ұйғарым  заңды күшіне енді.

 

Бесқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі