Архив событий

31/10/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

31/10/2017

Катонқарағай аудандық сотында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, татуласу рәсімін дамыту бойынша пилоттық жобаны түсіндіру, құқықтық мәдениетті жоғарылату, халықтың сот жүйесіне деген сенімді арттыру, әділеттіліктің қолжетімді болуы мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді. Конақтарды сот ісін жүргізуге енгізілген иновациялық технологиялармен таныстыру.

Алаяқтық жөніндегі қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/10/2017

Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының 190-бабының, 1 бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін азамат С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Облыс орталығының тұрғыны өзінің автокөлігін айдап салғаны түралы көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін сотталды

31/10/2017

Өскемен қаласының №2 сотында ҚК-нің 419-бабы, 2-бөлігімен (Қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзу) А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А. көлік құралдарын басқару құқығы жоқ өзіне тиесілі автокөлікті жүргізіп келе жатып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының кеңсе мамандары арасында семинарлық сабақ өткізілді

31/10/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының кеңсе мамандары арасында   Б.Тоқтасынованың ұйымдастыруымен «Ахуалдық орталық – сот жұмысының динамикасын бақылаудың тиімді тетігі» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.

Шараны ұйымдастырушы жаңа технологиялар ел азаматтары үшін соттар жұмысын қолжетімді әрі айқын ете түсетінін және сот төрелігінің тиімділігін қамтамасыз етумен қатар, сот жүйесіне деген бұқараның сенімін қалыптастырудың тиімді тетігі екенін түсіндірді.

Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Боран ауылдық округтың халықымен кездесу өткізді

31/10/2017

Соттың жоспарлы іс-шаралары аясында Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Омаров Руслан Күршім ауданының Боран ауылдық округінің халықымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сот төрағасы жиналған халыққа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамашылығымен сот жүйесінде жүргізіліп жатқан өзгерістер мен реформалар жайлы және аудандық соттың 2017 жылдың 9  айында атқарған жұмысы жайлы ақпарат берді.

«Атқарушылық жазбаның» артықшылығы

31/10/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотында «Атқарушылық жазбаның» артықшылығын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.

Аталған іс-шараның аясында Жарма ауданының №2 аудандық  сотының  кеңсе меңгерушісі  Г.Адилова  Шар қаласы нотариусының  өкілі С.Баядиловтың және «Горводхоз» коммуналдық мекемесінің өкілі Ш.Шарипованың қатысуымен «Атқарушылық жазба» артықшылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, атқарушылық жазу атқарушы құжат болып табылатындығы және орындау үшін сот орындаушыға ұсынылатыны жөнінде айтып өтті.

Зырян аудандық сотының үкімімен қоғамдық жұмысқа тартылды

31/10/2017

Зырян аудандық сотымен ҚР ҚК 346-бабы, 1-бөлігі бойынша көзделген құқық бұзушылық жасаған (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру)  А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен, сотталышы көлік құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айырыла тұра, қайтадан алкогольды масаң күйінде көлік құралын жүргізгені анықталды.

Тарбағатай аудандық соты жедел кеңесте сот ақпараттарын жинау және талдау жүргізуге мүмкіндік беретін соттар мониторингінің бірыңғай жүйесі Ахуалдық орталық жұмысын зерделеді

31/10/2017

Тарбағатай аудандық сотының судьялары және сот мамандары кезекті жедел кеңесте  сот ақпараттарын жинау және талдау жүргізуге мүмкіндік беретін соттар мониторингінің бірыңғай жүйесі Ахуалдық орталық жұмысын зерделеді.

Жеке айыптау шағымы бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/10/2017

Зырян аудандық сотымен жеке айыптау шағымымен ҚР ҚК 131-бабы, 1-бөлігі бойынша (Қорлау) Г.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

 Жәбірленуші сотталушы Г. оның ар насымын таптап, балағат сөздермен қорлағаны үшін ҚР ҚК 131-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жеке айыптау шағымымен сотқа жүгінген.

Сот мәжілісінде тараптардан медиация тәртібімен татуласуларына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш түсті.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

31/10/2017

Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының 340-бабы, 1-бөлігімен (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін азамат К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Зырян ауданының орман шаруашылығына тиісті «Көктерек» тұқымдас екі ағашты заңсыз кескен. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1883 теңге материалдық залал келтірілген.

Тиегіш ұрлағаны үшін сотталды

31/10/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен М.-ға қатысты ҚК-нің 188-бабы, 3-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі ұрлық) қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, М. саяжай қоғамының ауданында жүк тиегішті көрді. Тиегіш күзетілмегеніне көзі жеткен М.  автокранның көмегімен өзімен жалға алынған арнайы техникаға тиегішті тиеп алған. Сосын, металл қабылдау пунктіне барып, металға сатып жіберген. Түскен ақшаны өзінің қажетіне жаратып, жәбірленушіге 2 007 746 теңгеге материалды щығын келтірген. Артынан, жәбірленушіге бөлшектелген тиегіш иесіне қайтарылды.