Архив событий

11/10/2017

Администратор Судов по ВКО провел ярмарку вакансий

11/10/2017

В здании Восточно-Казахстанского областного прошла очередная ярмарка вакансий, организованная для трудоустройства и поиска работы граждан.

В данном мероприятии приняли участие заместитель руководителя Администратора судов по ВКО Хайрулинова А.Е., руководитель отдела управления персоналом Д.С. Аймуханбетова, делопроизводители и другие лица, желающие трудоустроится.

Дау медиация тәртібімен реттелді

11/10/2017

ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер М. жауапкер А. әкелікті тану және алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап арызда тараптар 01.03.2014 жылға дейін заңсыз некеде тұрғандары, аталған некеден кәмелетке толмаған 2014 жылы туған қызы бар екендігі, жауапкер қызына қатысты әкелікті тануды ерікті түрде қаламайтындығы көрсетілген. Сондықтан соттан қызына қатысты әкелікті танып, оның асырауына алимент өндіруді сұраған.

Судьи Восточно-Казахстанского областного суда провели совещание по качеству отправления правосудия судей административного суда г. Усть-Каменогорска за 9 месяцев 2017года

11/10/2017

Судьями судебной коллегии по гражданским делам Восточно-Казахстанского областного суда Ахметовым К.З. и Мұратбек С.М. проведено совещание по итогам 9 месяцев 2017 года с участием судей административного суда г. Усть-Каменогорска.

Целью данного совещания является изучение и обсуждение  причин нарушений законности, допущенных судьями при рассмотрении дел об административных правонарушениях для исключения аналогичных нарушений в будущем.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі қашықтықтан сот процестерін өткізу мәселелерін талқылады

11/10/2017

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісі» РММ-сі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне (ары қарай - ШҚО бойынша ҚАЖД)  қарасты мекемелермен бірлесе «Бейнебайланыс арқылы қашықтықтан сот отырыстарын өткізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Сотымен қысқартылған тәртіппен қылмыстық істерің қаралуы

11/10/2017

Бородулиха аудандық соты 2017 жылдың 9 айында 95 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде 91 қылмыстық іс қысқартылған тәртіппен қаралған.

Қылмыстық-процестік заңнамасының 382-бабы қысқартылған тәртiппен қылмыстық істі қарау тәртібін реттейді.

Жаңа пилоттық жоба татуластыру рәсімдерінің шеңберін кеңейтті

11/10/2017

Тарбағатай аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны насихаттау мақсатында ашық есік күні өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының экономикалық сотында тағылымдама өтті

11/10/2017

Мемлекеттік қызметке алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер тағылымдамасы туралы ережеге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының тыңдаушылары мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтеді.

Осылайша 2017 жылдың 02-04 қазаны аралығында Глубокое аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Е.И. Бутакова Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында тағылымдамадан өтті.

Бесқарағай аудандық сотымен 2017 жылдың 9 айындағы нәтижелері қорытындыланды

11/10/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Бесқарағай тынысы» аудандық газетінің арнайы шақырылған тілшісі А.Касымгожинаның қатысуымен 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмысының нәтижесін қорытындылау мақсатымен сот төрағасы А.А. Абдрахмановтың төрағалық етуімен баспасөз мәслихаты өткізілген.

Сот төрағасымен ұйымдастырылған осы іс-шараға кеңсе меңгерушісі М.Алимханова және соттың кеңсе мамандары қатысты.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

11/10/2017

Семей қаласының ювеналды сотында 2017 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы Р.Ақпар БАҚ өкілдерімен кездесуде 2017 жылдың 9 айында жалпы 575 іс қаралғанын, оның ішінде: 230 тұлғаға қатысты 230 әкімшілік іс, 331 азаматтық және 20 тұлғаға қатысты 14 қылмыстық істің қаралғанын хабарлады.

Қаралған әкімшілік істердің ішінде: 222 тұлғаға қатысты айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, 8 іс құқық бұзушылықтың құрамы болмағандықтан қысқартылған.

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2017 жылдың 9 айының жұмысын қортындылау бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

11/10/2017

Сот төрелігінің беделін көтеру, сот жұмысының ұйымдастырылуын жоғарлату бойынша және сот жұмысының ашықтығы туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2017 жылдың 9 айының жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз конференциясын өткізді. 

Осы шараға  «Городок-Инфо» газеттерінің  және «Радио-Максат» ЖШС арнасының корреспонденттері шақырылды.  

Алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде көлік құралын басқарған

11/10/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотында ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен азамат Н-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс  қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Н. бұрын автокөлікті алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде басқарғаны үшін үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылғанына қарамастан, қайталап көлік құралын алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде басқарған. 

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында партисипативтік рәсім қолданылды

11/10/2017

Талапкерлер  К. және С. жауапкер А-ға жол-көлік оқиғасынан келтірілген материалдық шығын, рухани залалды өндіру туралы талап арыз келтірген.  Сотта әр тараптың мүддесін адвокаттар қорғады.

Сот отырысында тараптарға құқықтарымен, дауды партисипативті келісім арқылы реттеу рәсімі түсіндірілді. Заң консультациясының адвокаттары А.Құсманов және А.Попков дауды партисипативті келісім арқылы реттеу рәсіміне белсене қатысты.

Меморандумға қол қойылды

11/10/2017

2017 жылдың 4 қазанында Көкпекті ауылында ішкі істер бөлімінің акт залында аудандық прокуратурасының бастамасымен "Қылмыстық процесті азаматтардың мүддесіне оңтайландыру» пилоттық жобасын іске асыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Тарбағатай аудандық сотында Пилоттық жоба аясында брифинг өткізілді

11/10/2017

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.М.Садуакасова Пилоттық жобаны насихаттау мақсатында өңірлік БАҚ-ның өкілінің қатысуымен  брифинг өткізді.

Шараға жергілікті «Біздің Заман» газетінің редакторы Е.Құттыбаев қатысты.

Сот актілерінің орындалуы талқыланды

11/10/2017

Күршім аудандық сотында «Сот актілерін орындаудың өзекті мәселелері» тақырыбында судьялардың, сот мамандарының,  аудандық прокуратура өкілінің, Күршім аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Өз баяндамасында сот төрағасы атқару парағын сот орындаушылар палатасына жолдау және орындау мерзімдері  барысындағы мәселелерге назар аударды.

Дөңгелек үстел аясында атқару өндірісі бойынша мәселелер, соның ішінде атқару парағын орындаусыз қайтару негіздері талқыланды.

100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды

11/10/2017

Бородулиха аудандық сотында ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен азамат И-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, ШҚ ҰҚК қызметкерлерімен «Лениногорск-Астана» поезд шекарасын тексеру барысында «кептірілген марихуана» есірткі затымен қағаз бумасын алып жүрген азамат И. анықтаған.

Сот отырысында сотталушы И. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, жасаған әрекеті үшін өкінетінін көрсеткен.

Заңды діни қызметке кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

11/10/2017

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында ӘҚБтК-нің 490-бабының 2-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (Заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын дінге көзқарасы себептері бойынша бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмас) азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қылмыстық теріс қылығы үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылып екі жүз сағат қоғамдық жұмыстарға тартылды

11/10/2017

Тарбағатай аудандық сотында Қылмыстық Кодекстің (әрі қарай ҚК) 346-бабы 1-бөлігі бойынша К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта,  айыпталушы К. 2017 жылдың 1 сәуіріндегі Тарбағатай аудандық сотының қаулысы негізінде  Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, көлікті  алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.

Аудандық соттың жұмысы бойынша 2017 жылдың 9 айының қорытындысы шығарылды

11/10/2017

Үржар аудандық сотында 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді. Баспасөз мәслихатқа сот төрағасы  Д.С.Серикбай, сот кеңсесінің меңгерушісі А.Б.Орынбасар, соттың мамандарымен  бірге аудандық «Уақыт тынысы» газетінің өкілі қатысты.

Баспасөз мәслихаты барысында  сот төрағасы сотта атқарылған жұмыстар туралы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Есірткі затын сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

11/10/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотында ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен азамат А-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Жарма АІІБ-ның полиция қызметкерлерімен «Допинг» атты жедел-профилактикалық іс шаралар жүргізу кезінде күдікті А.-ның Шар қаласы Қабанбай көшесі №134 үйдің 2 пәтерінде орналасақан үйінде 2,4065 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Сот отырысында сотталушы А. өзіне тағылған айыпты толық мойындап, жасаған әрекеті үшін өкінетінін көрсеткен.

Шығыс Қазақстан облысының судьялары құрметті демалысқа шыққан судьяларды құттықтады

11/10/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының ұжымы әріптестері Садыков Еркінбекті, Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Гульнара  Адильбаеваны, Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы  Еділ Кудербаевты құрметті демалысқа шығу мерейлі сәттеріне орай  салтанатты түрде құттықтады.