Архив событий

19/10/2017

Мобильді Сот кабинеті

19/10/2017

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі «Сот кабинеті» мобильді қосымшасының жұмысы туралы ақпарат беру мақсатында ШҚО мемлекеттік кіріс департаменті, кәсіпкерлер Палатасы, банк өкілдеріне және адвокаттарға  «Ашық есік күнін» ұйымдастырды.

Нотариаттық әрекеттің жаңа түрі – орындау жазбасы туралы брифинг өткізілді

19/10/2017

Аягөз аудандық сотының төрағасы Р.А. Турабаев,  БАҚ өкілдерінің қатысуымен Аягөз қаласының жекеше нотариустары мен жекеше сот орындаушыларына «Нотариаттық әрекеттің жаңа түрі – орындау жазбасы»  атты тақырыпта брифинг өтізді.

Семей қаласының №2 ювеналды соттың ұжымы судья С.Ү. Азмаганбетованы құрметті отставкаға шығуымен құттықтады

19/10/2017

Семей қаласының №2 Ювеналды соттың судьялары мен мамандары судья С.Ү. Азмаганбетованы құрметті отставкаға шығуымен құттықтады.

Салтанатты жиналыста сот төрағасы Р.М.Ақпар судья С.Ү. Азмаганбетованы құрметті отставкаға шығуымен құттықтады және көп жылғы, адал еңбегі үшін алғысын білдірді.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында брифинг өтті

19/10/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында сот төрағасы  Р. Омаров  жергілікті «Рауан-Заря» газетінің тілшісіне арнап брифинг өткізді.

Сот төрағасы Р. Омаров бұқаралық ақпарат құралдардың өкіліне «Сот кабинеті» сервисі бойынша 2017 жылдың 9 айында соттың атқарған жұмыс қорытындысы жайлы ақпарат берді.

Өскемен қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі С.А.Жортбасова тұрғындармен кездесу өткізді

19/10/2017

Тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде Елбасымен қойылған тапсырмалардың бірі болып табылады.  

Өскемен қаласының №2 сотының кеңсе меңгерушісі С.Жортбасова «Өскемен қаласының №4 халыққа қызмет көрсету орталығының» ғимаратында тұрғындармен кездесу өткізді. 

Сотта тренинг өтті

19/10/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында судьялар мен сот мамандары арасында «Ахуалдық орталық жұмысы» тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренинг барысында сот төрағасы Н.Нуралинов тренингке қатысушыларды республиканың барлық  соттарынан келіп түсетін сот қызметінің бірыңғай мониторинг жүйесін онлайн режимінде ұсынатын және маңызды сот ақпаратының тәулік бойы жинау және талдауды жүргізетін ҚР Жоғарғы Сотының Ахуалдық Орталығының негізгі жұмысымен таныстырды.

Жарма ауданының №2 аудандық соты 9 айды қорытындылады

19/10/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Т.Адильжанов аудандық «Қалба тынысы» газетінің тілшісінің қатысуымен, ағымдағы жылдың 9 айында қаралған істер мен атқарылған шаралар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Шара барысында сот төрағасы аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндап, статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті. Ағымдағы жылдың 9 айында аудандық сотқа барлығы 40 тұлғаға қатысты 28 қылмыстық іс қаралған. Оның 20 тұлғаға қатысты 14 іс үкім шығарумен аяқталып, 18 тұлғаға қатысты 12 іс өндірістен қысқартылған.

Риддер қалалық сотында «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбында семинар өтті

19/10/2017

Риддер қалалық сотында «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – мемлекеттік-құқықтық саясаттың ажырамас бір бөлігі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға сот төрағасы Т.К. Адаспаев, судьялар және сот мамандары қатысты.

Іс-шара барысында сот төрағасы мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәні мен рөлі туралы, мемлекеттік тілді іске асыру және дамыту туралы Бағдарламасының табысты түрде іске асырылып отырғанын айтып өтті.

Өскемен қаласының №2 сотында мемлекеттік тілді оқыту бойынша сабақ жүргізіледі

19/10/2017

Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарда тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы Елбасының 2011 жылдың 29 маусымындағы №110 Жарлығымен бекітілген. 

Мемлекеттік бағдарлама үйлесімді тіл саясатын жүргізуді, ұлт бірлігін нығайтудағы маңызды фактор ретінде Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерінің сақталуын қамтамасыз етіп, мемлекеттік тілдің толық көлемде қызмет атқаруын көздейді.

Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотка дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру

19/10/2017

Жарма аудандық сотының судьясы А.Садуакасова «Дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотка дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның icкe асырылуы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге аудан әкімдігі аппаратының құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері және судья лауазымына үміткер тағылымдамадан өтуші С.Торгаев қатысты. 

Шығыс Қазақстан облысының экономикалық соты студенттер үшін «Ашық есік күнін» өткізді

19/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерінің  қатысуымен ашық есік күні өткізілді.

Жоғары оқу орнының оқушыларын сот органдарының заманауи ақпараттық технологияларымен кеңінен таныстыру мақсатында сот ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Жедел кеңес өтті

19/10/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында жедел кеңес өтті.

Жедел кеңеске  судьялар мен сот мамандары қатысты.

Өз сөзінде соттың төрағасы А.М.Әли 2017 жылдың 9 айында сот әділдігін іске асыру барысында атқарған жұмыстардың статистикалық мәліметтеріне тоқталды. Атап айтқанда, азаматтық істерді қарауда медиация рәсімін қолдану, сырттай шешімдерді қабылдау тәжірибесі мен талап қою арыздарын қараусыз қалдыруға байланысты сот тәжірибесі талданды.

«Атқарушылық жазба» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

19/10/2017

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында атқарушылық жазбаның оң тұстарын түсіндіру мақсатында «дөңгелек үстел» өтті. Бұл шараға нотариус Д.К. Хайруллина, адвокат Т.Ш.Бозаканов, «Самар» ШЖК ММ-нің бастығы К.З.Смагулов, «Шығысэнерготрейд» АҚ-нің бас бухгалтері М.В. Ширяева, «Қазақтелеком» АҚ-нің өкілі Т. Агжигитова қатысты.

Риддер қалалық сотында «Сот актілерінің бұзылу және өзгертілу себептері» тақырыбында семинар өтті

19/10/2017

Риддер қалалық сотында сот төрағасы, сот судьяларының қатысуымен азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің бұзылу және өзгертілу себептерін талқылауға арналған семинар өткізілді.

Семинарда азаматтық істер бойынша судья Ж.М. Кушнирук, ал қылмыстық істер бойынша судья М.К. Токжанов баяндама жасады.

Координаторлар аудандық соттың апелляциялық сатыда бұзылған және өзгертілген сот актілерінің себептерін түсіндірді.

«Сот кабинеті» сервисінің жаңалығы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

19/10/2017

Күршім аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А. Мухаметкалиева   кеңсе мамандарының, адвокаттардың, Күршім ауданы прокуратурасының прокурорының қатысуымен «Сот кабинетінің мобильдік қосымшасы» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

«Сот кабинеті» сервисі сот органдары қызметінің жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, электрондық байланыс арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған.

Дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу

19/10/2017

Жарма ауданында тағылымдамадан өтуші, судья лауазымына кандидат  С. Торгаев медиация институтының мақсаттары туралы құқықтық түсіндірме жұмыстарын өткізді. Отырысқа аудан әкімдігі аппаратының құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. 

Өскемен қалалық сотының судьялары Абай ауданындағы әйгілі адамдардың Отанына байрып қайтты

19/10/2017

Өскемен қалалық сотының судьялары Абай ауданының тарихи жерлеріне барып қайтты.

Сапардың міндеті Мемлекет Басшысы  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес, еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас Ұлт болуы  үшін бұқаралық сана­­ны өзгертіп, өз мәдениетін, өзінің ұлттық кодын, бірегей экологиялық тұрмыс салтын сақтау.

Абай ауданы  Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сияқты ұлы, әйгілі адамдардың Отаны болып табылады.

Риддер қалалық сотында «Медиацияның мақсаты-бітімгершілік» тақырыбында семинар сабағы өтті

19/10/2017

Риддер қалалық сотында сот төрағасы мен судьялардың, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың, мемлекеттік органдар басшыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Медиацияның мақсаты ‒ бітімгершілік» тақырыбында семинар сабағы өтті.

1 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

19/10/2017

Күршім аудандық сотымен Т-ға қатысты  ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен әкімшілік іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес,  құқықбұзушы Т. Өскемен қаласы, Виноградов көшесінде көлік құралын басқара отырып, төрт жолағы бар екі жақты қозғалысты жолда, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытына шыққан.

Сот қаулысымен Т.  ӘҚБтК-нің 596 бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде  бір жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

«Сот кабинеті» сервисін түсіндіруге арналған «Ашық есік күні»

19/10/2017

Жарма аудандық сотында «Сот кабинеті» тақырыбында аудан тұрғындарының қатысуымен  «Ашық есік күні» өткізілді.

Бас маман  Б. Курмангалиев соттарда  заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға, сот әділдігіне кол жетімділікті арттыруға көп мән берілетінін атап өтті.

Аягөз аудандық сотында семинар өткізілді

19/10/2017

Аягөз аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Т. Жунусова «Төрелік ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу нұсқаулықтары» тақырыбында, Аягөз аудандық сотының қызметкерлеріне семинар сабағын өткізді.

Семинарда «Төрелік» АЖ-де  іс жүргізу сұрақтары талқыланып, құжаттарды әзірлеу және істер бойынша мәліметтерді электрондық  кәртішкелерге  енгізу барысында, олардың толықтығы мен реквизиттерін  дұрыс толтыру маңыздылығын атап өтті.

Сот шешімімен денсаулыққа келтірілген зиян өндірілді

19/10/2017

Азаматша Р. «Ю» ЖШС-не  денсаулыққа келтірілген зиянды, жоғалтқан  пайданы және моральдық шығынды өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Талап бойынша, жауапкердің салдарынан жол көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде автокөлікке зиян келіп және  талапкердің денсаулығына орташа жарақат келтірілген.

Ұлан аудандық сотында 2017 жылдың 9 айының жұмыс қорытындылары бойынша брифинг өтті

19/10/2017

Ұлан аудандық сотында  2016 жылдың 9 айында  атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша брифинг  өтті.

Іс шараға Ұлан аудандық сотының төрағасы М.М. Халмұрзаев, тергеу судьясы А.К. Нұрғазин, кеңсе меңгерушісі Н.Ж. Кисыкова,  сот отырысының хатшысы А.З.Гайсина, жетекші маман Ш.Б.Жомартова және «Ұлан таңы» газетінің тілшісі қатысты.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға брифинг өткізілді

19/10/2017

Аягөз аудандық сотының судьясы  Б.А. Оразбек,  БАҚ өкілдерінің қатысуымен Аягөз қаласының жалпы білім беретін №5 орта мектебінің және Аягөз қаласының қөп салалы қазақ мектеп гимназиясының оқушыларына «Кәмелетке толмағандардың құқықтық тәрбиесі, кәмелеттік жасқа толмағандардың ата-аналарының және заңды өкілдерінің әкімшілік жауапкершілігі»  атты тақырыпта брифинг өтізді.