Архив событий

13/10/2017

Аудандық сотта істерді мұрағатқа тапсыру тәртібі талқыланды

13/10/2017

Бесқарағай аудандық сотында Қазақстан Республикасының соттарында жинақталған құжаттарды қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты  сақтауға тапсыру туралы Ережені зерделеу жөнінде сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өтті.                                       

Аягөз аудандық сотында 2017 жылдың 9 айлық есебі бойынша пресс конференция өткізілді

13/10/2017

Аягөз аудандық сотында 9 айлық есеп қорытындысы бойынша Аягөз аудандық сотының төрағасы Р.А. Турабаевтың, соттың мамандары,  БАҚ өкілдері, Аягөз аудандық заңдық кеңес бөлімінің адвокаттары, Аягөз АІІБ-нің қызыметкерлері, Аягөз аудандық прокурорларымен пресс конференция өткізілді.

Р. Турабаев қатысушыларға 2017 жылдың 9 айында сотта атқарылған жұмыс бойынша айтты.

Осы уақыт аралығында аудандық сотта 143 қылмыстық іс, 1406 азаматтық істер, 1259 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралған.

«Сот отырысының хаттамасы»

13/10/2017

Бесқарағай аудандық сотында маңызды процессуалдық құжат болып табылатын  –  сот отырысының хаттамасын әзірлеу бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағында баяндама жасаған сот мәжілісінің хатшысы - бас маман Ж.Ермекова сот отырысының хатшыларына іс қаралып болғаннан кейін хаттаманың дұрыс  әзірленуі бойынша міндетті талаптарды айтып өтті.

Баяндамашы сот отырысы хаттамасының мазмұны, тәртібі және мерзімдері Азаматтық процесстік кодекстің 26 тарауында нақты көрсетілгендігі туралы түсіндірме берді.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2017 жылдың 9 айын қорытындылауға арналған баспасөз-мәслихатын өткізді

13/10/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Баспасөз-мәслихаты жұмысына судьялар мен қатар, Altaynews.kz сайтының редакторы Ю.В. Чернявская, облыстық «Менің өлкем» және «Алдаспан» газеттерінің тілшілері қатысты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында өткізілген дөңгелек үстел

13/10/2017

Риддер қалалық сотымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға «Нұр Отан» партиясымен, қалалық мемлекеттік органдардың өкілдері мен басқа да қауым бірлестіктері қатысты.

Шараның модераторы ретінде Риддер қалалық сотының төрағасы Т.К. Адаспаев сөз сөйледі.

Риддер қалалық сотында семинар тренинг өтті

13/10/2017

В

             Риддер қалалық сотында «Талап қою, ерекше іс жүргізу тәртібімен талап қою арыздарын, шағымдарды рәсімдеу тәртібі» тақырыптарында семинар тренинг өткізді.

Семинар тренинге қатысу үшін Риддер қаласының адвокаттары мен заңгерлері шақырылды.

Семинар тренингте сөз алған сот төрағасы Т.К. Адаспаев талап қою, ерекше талап қою және ерекше іс жүргізу тәртібімен талап қою арыздарын, шағымдарды әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар жайында айтты.

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотында пресс-конференция өткізілді

13/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы А.Н.Жумагулова сот төрелігін жүзеге асыру сапасы бойынша ағымдағы жылдың 9 айын қорытындылап,  пресс-конференция өткізді.

Іс-шараға  БАҚ өкілдері «Регион Press», «Менің өлкем» газеттерінің тілшілері қатысты.

Жеке сот орындаушыларының әрекеттерін шағымдау

13/10/2017

Жеке сот орындаушысы сот актісін орындап болғаннан кейін атқару өндірісін қысқартып, өзінің қызмет ақысының сомасын бекіту туралы қаулы қабылдап, оны орындау үшін борышкер Ж-ға. ұсынған.

Бесқарағай аудандық сотымен 31 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

13/10/2017

2017 жылдың басынан Бесқарағай аудандық соты сот шешiмiн және атқарушылық құжатты орындаудан бас тартқан азаматтарға қатысты 31 әкімшілік іс қарады. Аталған азаматтарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы бойынша «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құрастылырған.                                      

Жарма ауданының №2 аудандық сотында тараптар медиация жолымен келісімге келді

13/10/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотында талап қоюшы С.-ның жауапкер К.-дан қарызды өндіріп беру туралы талап арызы бойынша  азаматтық ісі қаралды.

25 шілде 2017 жылы жауапкер К. 120 000 теңге құрайтын жиһаз алған, ақшаны 30 шілде 2017 жылы қайтарып беруге міндеттенген.  Алайда, жауапкер К. қарызды белгіленген уақытта қайтармаған. Сондықтан, талапкер С. пайдасына  120 000  теңге қарызды, 4000 теңге жолға кеткен шығының және  1200 теңге мемлекеттік бажға кеткен шығының өндіріп беруді соттан сұраған.

Белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған

13/10/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Украина азаматы Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Дауларды медиация тәртібі арқылы реттеу» тақырыбына дәріс өткізілді

13/10/2017

Бесқарағай аудандық Достық үйінде  «Дауларды медиация тәртібі арқылы реттеу» тақырыбында дәріс өткізілді.  Іс-шараға ауылдың кәсіпқой емес медиаторлары мен сот қызметкерлері қатысты.  Бесқарағай аудандық сотынын судьясы А.С.Калиев 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексі күшіне енгендігі туралы, соттағы татуластыру тәртіптері заңнамаға сай кеңейтілгендігі туралы баяндама оқыды. Сот медиациясы институты алғаш енгізілді.

«Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел

13/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төраға А.Н.Жумагулованың бастауымен, «№ 32 орта мектеп» КММ, «Абай атындағы № 33 орта мектеп» КММ, Дарынды балдарға арналған № 34 мектеп - лицей» КММ, «№ 35 орта мектеп» КММ, № 36 орта мектеп» КММ, № 37 орта мектеп» КММ, № 38 орта мектеп» КММ, № 39 орта мектеп» КММ  директорларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Зырян аудандық соты 2017 жылдың 9 айындағы жұмысты қорытындылады

13/10/2017

Зырян аудандық сотында 2017 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз кеңесі өткізілді. Кеңеске аудандық  соттың төрағасы А.Е.Исмагулов, №2  Зырян аудандық сотының төрағасы А.К.Каленов сонымен қатар, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында сот төрағасы Е.А.

Соттың 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмысы қорытындыланды

13/10/2017

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотымен бұқаралық ақпараттық құралдарының өкілімен 2017 жылдың 9 айын қорытындылау бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.

Аталған баспасөз конференциясына сот төрағасы А.Аринова және «Ұлан таңы» газетінің өкілі қатысты.

Баспасөз конференциясында А.Аринова есептік кезеңнің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырмалы қорытындысын баяндады.