Архив событий

24/10/2017

«Сот кабинеті» – бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе

24/10/2017

Катонқарағай аудандық сотында құқық қорғау органдары мен МКҚБ полиция қызметкерлерімен бірлесіп  «Сот кабинеті» – бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе тақырыбына семинар өткзілді.

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен құжаттарды дұрыс және толық рәсімдеу мәселелері талқыланды

24/10/2017

Ұлан ауданының № 2  аудандық сотында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және хаттамаларды әзірлеудегі негізгі мәселелерін талқылау» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарды өткізудің негізгі мақсаты - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен құжаттарды дұрыс және толық рәсімдеу мәселелерін талқылау, оларды анықтау.

Жеке тұлға қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

24/10/2017

Зырян ауданының №2 аудандық сотымен   Т-ға   қатысты  ӘҚБтК  482 бабы  1 бөлімі (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) бойынша әкімшілік іс қаралды.

«Қылмыстық процесті азаматтардың мүддесіне орай оңтайландыру» жобасы аясында қылмыстық іс тергеліп, қаралды

24/10/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотына ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігімен (бөтеннің мүлкін ұрлау)  О-ға қатысты қылмыстық іс түсті.

Іс материалдарынан Бастаушы ауылының тұрғыны Самар ауылына келіп, Астана көшесі, 88 үйге  емін-еркін кіріп, есік алында тұрған бағасы 9000 теңге тұратын шойын қазанды ұрлап алып кеткені анықталған.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында семинар өтті

24/10/2017

Ұлан ауданының № 2 аудандық соты «Сот актілерін орындау» тақырыбына  «Сот актілерін орындау Ұлан аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы В.Казак, судья А.Байжуменова және сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағын өткізді. 

Кездесу барысында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша  сот актілерінің орындауға жолданғаны, алайда, олардың уақытылы орындалмауы себепті сот істерінің сот мұрағатына тапсырылмай жатқандығы туралы баяндама жасалды.

«Электрондық цифрлық қолтаңба»

24/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мамандары «Электрондық цифрлық қолтаңба» атты пилоттық жобаның ақпараттық беделін арттыру мақсатында Өскемен қалалық сотында орналасқан ХҚКО бұрыштамасында электрондық цифрлық қолтаңбаларын алды.

Мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді

24/10/2017

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының судьясы А.Байжуменова және Ұлан ауданының ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы Н. Елемесованың қатысуымен,  Привольное орта мектебінде  «Мүлдем төзбеушілік» бағдарламасы аясында және кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында 10-11 сынып оқушыларымен және  ата-аналарымен кездесу өткізді.

Риддер қалалық сотында видеоконференц байланыс арқылы онлайн режимінде қылмыстық іс қаралды

24/10/2017

ҚПК-тің 335 бабының 2 бөлігінде  көрсеткендей арнайы жағдайларды қоспағанда, сотталушынының басты сот отырысына қатысуы міндетті болып келеді.

Бірақ, кейбір жағдайларда сотталушының сотқа келуіне обьективті жағдайларға байланысты қиындықтар туындауы мүмкін.

Риддер қалалық сотында жаңа заманауи технологиялардың қолданылуымен, басқа іске қатысы бар, сол мекемеде отырған сотталушының қатысуымен онлайн режимінде қылмыстық іс қаралды.

Шығыс Қазақстан облысының экономикалық сотында брифинг өткізілді

24/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында «Менің Қалам» газетінің тілшісі Д. Хацановичтің қатысуымен судья С.К. Жайлибаева брифинг өткізді.

Брифинг барысында судья С.К. Жайлибаева қоғамдық қызығушылық туғызатын іс бойынша сот шешіміне түсінік берді.

Тарбағатай аудандық сотында қылмыстық сот өндірісі бойынша медиацияны қолдану ерекешеліктері туралы «Ашық есік күні» өткізілді

24/10/2017

Тарбағатай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А. Касенгалиева қылмыстық сот өндірісі бойынша медиацияны қолдану ерекешеліктерін насихаттау мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді.

Қазақстанда 28 қаңтар 2011 жылы «Медиация туралы» Заңы қабылданған  болатын. 

Қазіргі кезде дауды шешудің баламалы түрлерін қолдану, соның ішінде делдалдардың қатысуымен орын алатын дауласушы тараптарға қолайлы шешімге қол жеткізу процедураларын қолданудың маңызы артып отыр.

«Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

24/10/2017

Зайсан аудандық сотында сот ғимаратына кіру – шығу тәртібінің қатаң сақталуын және сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алуда «Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы» тақырыбында ШҚО МКҚБ ЖПБ-нің  қызметкерлерінің қатысуымен  семинар сабағы өткізілді.

Семинарға сот төрағасы Б.Н.Мергембаев, кеңсе меңгерушісі К.С.Игілікова аға  сот жасауылы М.М.Молданов және ШҚО МКҚБ ЖПБ-нің бастығы полиция аға лейтенанты Е.Ахметзакиев және күзет бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

24/10/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында азаматтар Д-ға және Р-ға  қатысты Қылмыстық кодексінің 188-бабы  2-бөлігі 1, 3 тармағы (ұрлық)  бойынша қылмыстық іс қаралды.

Басты сот талқылау барысында сотталушылар жәбірленушімен өзара медиативтік тәртіппен келісімге келіп, татуласқанын, сол себепті қылмыстық істі өндірістен тоқтатып, қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.

Жәбірленуші сотта медиативтік келісімнің ерікті болғанын бекітті.

Құқық бұзушы мен жәбірленушінің медиация тәртібімен татуласуына байланысты әкімшілік іс тоқтатылды

24/10/2017

Зайсан аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі ӘҚБтК-нің) 73-1 бабының 1 бөлігімен аудандық ішкі істер бөлімінен түскен іс қаралды.

Сот отырысында құқық бұзушының Көгедай ауылы орталық көше бойында орналасқан дүкеннің алдында К-мен  сөзге келісіпей жеңіл дәрежеде дене жарақатын салғаны 14.10.2017 жылғы №269 сот-медициналық сараптама қорытындысымен,  құқық бұзушының кінәсін толық мойындап берген жауабымен анықталды.

Тарбағатай аудандық сотында «Адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек туралы» заң жобасы талқыланды

24/10/2017

Адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек туралы»  заң жобаларын талқылау бойынша судьялар және адвокаттардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға судьялар К.М.Садуакасова, Л.Муратқанқызы және адвокат А.Байтілеуов қатысты.

«Халықтың көші-қон туралы» Заңын бұзғаны үшін ҚХР-ның азаматы әкімшілік жауаптылыққа тартылды

24/10/2017

Зайсан  аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен  (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) ҚХР-ның азаматы Н-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай 12.10.2017 жылы «Майқапшағай» өткізу бекетінде ҚХР-ның азаматы Н. ҚР-ның аумағында он сегіз тәулік кетуден жалтарып жүргені анықталған.