Архив событий

10/10/2017

Бородулиха аудандық сотымен 2017 жылдың 9 ай ішінде 166 жеке қаулы мен ұйғарым шығарылған

10/10/2017

Бородулиха аудандық сотымен жыл басынан бері заңдылықтың бұзушылығын анықтау бойынша, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауды анықтауға байланысты 166 қаулы мен ұйғарым шығарылды. Соның ішінде қылмыстық істерді қарау кезінде 13 жеке қаулы, азаматтық істерді қарау кезінде 100 жеке ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылық істер қарау кезінде 53 жеке қаулы шығарылды.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жыл басынан бері 35 адам жауапкершілікке тартылған

10/10/2017

Сот отырысының уақытында басталуы неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылуы және болмай қалуы тараптардың жауапкершілік туралы және процеске басқа да қатысушылардың сотқа соттардың  құқық бұзушылықты болдырмауға әсер етуші  тиімді тетіктерінің бірі қолданыстағы заңнаманы қолдану болып табылады.

Бородулиха аудандық сотымен медиация және партисипативтік рәсім тәртібінде 257 іс қысқартылды

10/10/2017

Медиация Қазақстандағы сот төрелігінің негізгі басымдылығы, даулар мен жанжалдарды шешудің  балама шешімдерін енгізетін құқықтық жүйені дамытудың үлкен әлеуеті.

Тараптар көзделген қағидалар бойынша сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы. Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

10/10/2017

Риддер қалалық сотында  ҚР ҚК-нің 345 бабы 1 бөлімімен айыпталған О.Н. Сергеевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

25.05.2017 жылы сағат 08.00 шамасында,  Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғылы бойында сотталушы О.Н. Сергеев «ЛАДА» автокөлігімен азаматша А.Г. Терехинаны қағып кетіп, орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтірген.

Басты сот отырысында сотталушы О.Н.Сергеев жәбірленуші А.Г. Терехинамен медиация тәртібінде бітімгершілікке келуіне байланысты, істі тоқтатуды сұрады.       

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі»

10/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрағаның бастауымен, «№ 19 жалпы білім беру мектеп орталығы» КММ, «Ахмет Байтурсынов атындағы № 20 орта мектеп» КММ, «№ 22 орта мектеп» КММ, «Мухамет Шаяхметов атындағы № 23 орта мектеп» КММ, «№ 24 орта мектеп» КММ, «№ 26 орта мектеп» КММ, «№ 27 орта мектеп» КММ, «№ 29 орта мектеп» КММ, «№ 30 жалпы білім беру мектебі» КММ  директорларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Қоғамдық резонанс тудырған іс бойынша алдын ала тыңдау өткізілді

10/10/2017

6 қазан 2017 жылы Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс  бойынша алдын ала тыңдау өткізілді.

2014 жылы сотталушы Д., А. тыйым салынған ойын бизнесін жүргізіп пайда табу мақсатында, ұйымдастырылған қылмыстық топ құрған, яғни жасырын ойын автоматтарын қолдану арқылы заңсыз іскерлік әрекеттер жасаған.