Архив событий

26/10/2017

«Медиация – татуласудың оңай жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

26/10/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотының судьясы А.Т.Кальпебаева Жарма аудандық №2 пробация қызметінің аға инспекторы Р.М.Абдулгазиновтың, Шар қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Е.Бауржанұлының, полиция сержанты А.Ғалымбектің және де  Шар қаласының тұрғындарының қатысуларымен    «Медиация – татуласудың оңай жолы» атты тақырыпқа  дөнгелек үстел  өткізді.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде аяқталды

26/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат Ф.-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағымен  қылмыстық іс қаралды.

Психологпен «Назар және өзін-өзі бақылау» тақырыбында тренинг өткізілді

26/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында «Назар және өзін-өзі бақылау» атты тақырыбында тренинг өткізілді.

Аталған тренингке психолог Галиева Мадина, бас маман Қанат Оспанов, бас маман Алижанова Алмагуль, жетекші маман Қасымбаева Ляйля, бас маман Зауытбаева Айгуль, іс-жүргізуші Мадениет Нұржан және практиканттар Жұмабаева Айжан және Салтабаева Альбина  қатысты.

Өскемен қаласының №2 сотына жаңа сот төраға тағайындалды

26/10/2017

Салтанатты түрде Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков  Өскемен қаласының №2 сотына жаңа тағайындалған сот төрағасы Қасымов Қазбек Талапұлын таныстырды.

Іс шарада қалалық прокуратура, ішкі істер, полиция бөлімдерінің өкілдері, сот ұжымы қатысты.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібі

26/10/2017

Глубокое аудандық сотында сот мамандары үшін «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Сабақтың модераторы ретінде кеңсе меңгерушісі Ж.Еренбақов сөз сөйледі.

Семинар сабағы барысында Ж.Еренбақов мамандарға қызметтік міндеттерін орындау кезінде сот қызметкерлерінің этикалық мінез-құлық қағидасын, міндеттерін орындауға байланысты тыйым салулар мен шектеулерді түсіндірді.

Шығыс Қазақстан облысы соттарының жаңа төрағалары таныстырылды

26/10/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нурлан Каирбеков облыстық соттың ұжымына Шығыс Қазақстан облысы соттарының жаңа төрағаларын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 20.10.2017 жылғы №564 Жарлығымен Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы лауазымына Қасымов Қазбек осы соттың судьясы лауазымынан босатыла отырып тағайындалды. 

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы лауазымына Касимов Төленді Семей қалалық сотының төрағасы лауазамынан босатыла отырып тағайындалды.

Семей қ. №2 ювеналды сотта баламен кездесу тәртібін анықтау туралы азаматтық іс медиация арқылы қаралды

26/10/2017

ШҚО Семей қаласының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баламен кездесу тәртібін анықтау туралы азаматтық іс қаралды.

Азамат С. азаматша С.-ға  кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау туралы арызымен жүгінген. Тараптар 2016 жылдан бастап бірге тұрмайды, некелері бұзылған. Тараптар бөлек тұрып жатқан кезден бастап бала анасымен тұрады. Жауапкер баламен кездесу тәртібін өз еркімен анықтауға бас тартты. Азамат С. баламен араласуға кедергі жасамай, кездесу тәртібін анықтағанын сұрады.

Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп нормалары

26/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп нормалары» атты тақырыпта сот қызметкерлері арасында семинар өткізілді.

Медиатор тараптарды татуластырды

26/10/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен И. есімді азаматтың  О. есімді азаматтан келтірілген моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы  бойынша азаматтық іс қаралды.  Талапкер өз арызында жауапкердің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының, 1 бөлігімен жауапқа тартылғандығын, осының салдарынан оның заңсыз әрекеттерінен  өзін нашар сезіну және психологиялық қасірет түрінде зиян келтірілгенін, соттан жауапкерден 100 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіруді сұраған.   

Аягөз аудандық сотында семинар өтті

26/10/2017

Аягөз аудандық сотында «Сотқа кіргізу, шығару және ішкі объектілік режимі ережесін сақтау» тақырыбында Аягөз аудандық сотының судьясы Б.А. Оразбектің, Аягөз аудандық сотының аға сот приставы Е.С. Ықласкожин және Аягөз қаласы Мамандырылған күзет қызымет басқармасының қызыметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы өтті.

Іс шараны ашқан судья Б.Оразбек МҚҚБ-ның қызыметкерлерімен сот жасауылының араларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын айтты.

Мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне жіберілді

26/10/2017

Аягөз аудандық сотында Ж-ны мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне жіберу туралы азамттық іс қаралды.

Аталмыш іс құжаттарына сәйкес, Ж-ның ішімдікке әуестігі 36 жылдан бері үздіксіз жалғасып келетіні, ішімдіктің салдарынан некеден ажырасып, екі баласына қатысты аналық құқығынан айырылғаны, аналық құқығынан айырыла тұра,  өзіне тиісті қорытынды жасамай түзелу жолына да түспегендігі анықталған.

Сот шешімімен Ж. алты айға Семей қаласындағы мамандандырылған емдеу мекемесіне жіберілді.

Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Төлеуғали Жұмагелдинді мерейтойымен құттықтады

26/10/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков және Өскемен қаласының №2 сотының ұжымы салтанатты түрде судья Жұмагелдин Төлеуғали Сейтқалиұлын 50 жасқа толу мерей тойымен құттықтады.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков 50 жасқа толу мерей тойымен Төлеуғали Жұмагелдинді құттықтай  отырып, көп жылдар сот жүйесінде жұмыс атқарып жүргенін атап өтті. Осы жылдары сот жұмысын лайықты атқарып,  өзін нағыз кәсіби шебер екенін көрсете білді.

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

26/10/2017

Катонқарағай аудандық сотымен «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Катонқарағай АІІБ-нің өкілдері Ш. Дүйсенбекова.  мен М.Жарқымбаев. және мемлекеттік сот орындаушы  Ж. Зангинова қатысты.

Өз сөзінде Катонқарағай аудандық сотының судьясы Н.С. Нұрсапинов заңды күшіне енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары және бұйрықтары  орындау барлығына және республикамыздың барлық аумағында міндетті екендігін айтты.

Билік өкіліне күш қолданғаны үшін жазасын алды

26/10/2017

Жарма аудандық сотымен азамат Е.Т. билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қорлауы және билік өкілінің денсаулығына қауiптi күш қолдануы бойынша іс қаралып, айыптау үкімі шығарылды.

Сот тергеуінде анықталғандай, Жарма АІІБ-нің «102» арнасы арқылы келіп түскен хабарлама бойынша, полиция қызметкері мекен-жай бойынша мән-жайды анықтауға барған.

Латын әліпбиіне ауысу мәселесі бойынша семинар

26/10/2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі Шығыс Қазақстан облысы бойынша тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп облыстық сот судьялары мен қызметкерлері арасында латын әліпбиіне біртіндеп көшу мәселелері бойынша семинар ұйымдастырды.