Архив событий

06/10/2017

Қаруды заңсыз иеленіп және сақтағаны үшін жауапқа тартылды

06/10/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат К. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта Семей қаласының темір жол вокзалының ғимаратында ішкі істер органдарында тіркелмеген «Шмель 618 TYPE» маркалы электрлік қаруын заңсыз иеленіп, сақтаған азамат К. ұсталған, яғни ол ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігін бұзған.

Катонқарағай аудандық сотында, «Медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру» бойынша семинар өткізілді

06/10/2017

Катонқарағай аудандық сотында, «Медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру» жайында семинар өткізілді.

Аталған іс шараға ішкі істер органының өкілдері, кәсіби емес медиаторлар және коммерциялық организацияларының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасында шетелдік адамның болу тәртібін бұзды

06/10/2017

Зырян аудандық сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 517 бабы 4 бөлігімен әкімшілік іс қаралды. (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы)

Мамандандырылған сотта алқабилердің қатысуымен істің қаралуы жалғастырылды

06/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен М-ға қатысты сот процесі жалғастырылды.

Сотпен анықталғаны, сотталушы М. облыс бойынша  ішкі істер бөлімінің  қызметкері болып жұмысын атқара отырып, өзінің қызмет бабын асыра сілтеп бір адамды өлтіріп және екінші адамды өлтіруге оқталған .

Алдын ала тыңдау кезінде сотталушы М.-нан өз ісін алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтінішхаты түскен.

Зайсан аудандық соты тоғыз айда атқарған жұмысын қорытындылады

06/10/2017

Зайсан аудандық сотында 2017 жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат өкілдеріне баспасөз-мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихаты барысында соттың төрағасы  Б.Н.Мергембаев аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндап, аудандық соттың жұмысы негізінен соттың ашықтығын, қол жетімдігін қамтамасыз етуге, сот төрелігінің сапасын арттыруға, істерді қарауда  созбалаққа салуды болдырмауға, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Медиация-дауға бітім берер балама жол»

06/10/2017

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен  дауды (жан-жалды) медиация тәртібі арқылы тараптардың бітімгершілікке қол жеткізуі негізінде өндірісі қысқартылған  сот істер бойынша талдау жүргізілді.

Дауды және жан-жалдың оң шешімін табатын балама жол мен сот жүйесінің дамуына орасан зор күш беретін қазақстандық сот төрелігінде медиация басты бағыттың бірі болып айқындалғанын білеміз.

«Қазақстан Өскемен» телеарнасындағы 2017 жылдың 9 айының жұмыстарының қорытындысы туралы сұхбат

06/10/2017

Өскемен қалалалық сотының төрағасы  «Қазақстан Өскемен» телеарнасында 2017 жылдың 9 айының жұмыстарының қорытындысы бойынша сұхбат берді.

Сөз басында төраға Өскемен қалалық сотының тарихына, оның ішінде алғашқы төрағалар тұлғаларына және «100 нақты қадам- Ұлт жоспарындағы»  заң саласының үстемдігін қамтамасыз етуге ерекше тоқталып өтті.