Архив событий

16/10/2017

«Татуласу рәсімін – отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқықбұзушылықтарда қолдану» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

16/10/2017

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Молдагожина сот ғимаратында «Медиация – татуластыру институты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған шараға кәсіби медиаторлар Б.Д.Кенжина, Т.Г.Сулейменов, Н.Ф.Ахметжанов және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатысты. 

Дөңгелек үстелді ашық деп жариялап сот төрағасы А.Молдагожина  дауды шешудің балама түрі ретінде Медиация институтын қолданудың қазіргі қоғамда қажеттігі мен мәні туралы айтты.

В Восточно-Казахстанском областном суде проведено расширенное совещание по итогам 9 месяцев 2017 года

16/10/2017

В мероприятии приняли участие председатель областного суда, председатели  судебных коллегий, судьи областного суда, председатели городских, районных и приравненных к ним судов, руководство и работники администратора судов.

Работу расширенного совещания открыл председатель областного суда Каирбеков  Нурлан Муратович. Он ознакомил с основными итогами работы судов области за 9 месяцев 2017 года.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

16/10/2017

Үржар ауданының №2  аудандық сотында жәбірленушімен медиативтік келісім жасалуына байланысты  азаматша  К.,-ға   қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Сотталушы   ҚК-нің 187-бабының 1 - бөлігі (Ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша, атап айтқанда жәбірленушінің үйінен  құны 2000 теңгелік футболканы жасырын  жымқырғаны үшін айыпталды, сонымен қатар материалдық шығын келтірді.

Күршім аудандық сотының төрағасы 2017 жылдың 9 айында атқарылған сот жұмыстары жөнінде баспасөз маслихатын өткізді

16/10/2017

Күршім аудандық сотының төрағасы Е.Шымыров БАҚ өкілдерінің қатысуымен Күршім аудандық сотының 2017 жылғы 9 айында атқарылған жұмыстары жөнінде  баспасөз маслихатын өткізді.

Шара аясында сот төрағасы аталған мерзім аралығында сот қызметі жөнінде баяндады, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша статистикалық көрсеткіштерді атап өтті, сонымен қатар, сот жүйесіне енгізілген жаңалықтармен де  бөлісті.

Бородулиха аудандық соты 2017 жылдың 9 айындағы жұмыстарын қорытындылады

16/10/2017

Бородулиха аудандық сотының төраға м.а. К.Раимбеков БАҚ, мемлекеттік және басқа мекемелер өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 9 айындағы жұмыстарын қорытындылау бойынша баспасөз маслихатын өткізді.

Сотымен 2017 жылдың 9 айы ішінде 1 114 азаматтық, 537 әкімшілік, 95 қылмыстық іс аяқталған. Оның ішінде медиация тәртібінде 151 азаматтық (13,6%), 55 әкімшілік (10,2%), 41 қылмыстық (43,2%) іс қысқартылған. Партисипативтік рәсім тәртібінде 10 азаматтық іс (0,9) қысқартылды.

Мамандандырылған сотта «Ашық есік» күні өткізілді

16/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 6 қазанда «Ашық есік» күні өткізілді.

Сот төрағасы  Б. Кәсенов, қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер, оның ішінде қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар жөнінде сонымен қатар, залалды өтеудің негіздері, шарттары, көлемі және тәсілі туралы қағидаларды қолдану бойынша азаматтардың сұрақтарына  толық жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот органдарының ақпараттық технологиялары» тақырыбында семинар өтті

16/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судьялар мен мамандардың қатысуымен «Сот органдарының ақпараттық технологиялары» тақырыбында семинар өтті.

Сот ісін жүргізудің жетілуі инновациялық технологиялардың кеңінен қолдануымен байланысты. Жетекші сот тәжірибесі – бұл электрондық технологияларға көше отырып, қағаз түріндегі құжатайналымнан бас тарту.

Жарма аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында сотпен атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

16/10/2017

Жарма аудандық соты төрағасының м.а. Л.Ж. Акалаева 2017 жылдың 9 айында сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Іс-шараға «Қалба тынысы» газетінің тілшісі К.Арықханқызы қатысты.

Сот төрағасының м.а. 2017 жылдың  9 айында сот  төрелігін  жүзеге асыру сапасы бойынша статистикалық мәліметтер келтіріп, соттың негізгі жұмыс бағыттары туралы баяндады.

Алғыс айтылды!

16/10/2017

Елбасының бүкіл халықтық талқылауға алынған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Билер және Алаш зиялыларын еске алу кеші» өткізілді.

Мәдени іс шараға жоғары оқу орындарының профессорлары мен ұстаздар қауымы, өлкетанушылар, зерттеушілер, жазушылар, тарихшылар мен кітапхана басшылары қатысты.