Архив событий

27/10/2017

Риддер қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

27/10/2017

Риддер қалалық соты қала тұрғындары үшін «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Бұл күні барлық ниет білдірушілер сот жүйесі жұмысының жүргізілу тәртібімен танысты.

Кеңсе меңгерушісі А.А. Иманбаев  қала  тұрғындарына талап арыздардың жазылу үлгілерін және оларды «Сот кабинеті» арқылы электрондық түрде тапсыра алатынын түсіндірді.

Пилоттық жобаны талқылауға арналған дөнгелек үстел өтті

27/10/2017

Бесқарағай аудандық әкімшілігінің ғимаратында судьясы А.Калиев, әкімдік окілдері және кәсібі және кәсібі емес медиаторлардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесі талқыланып, «Медиация туралы» Заң түсіндірілді.

Электронды атқару парағын электрондық жүйе арқылы жіберу тәртібі

27/10/2017

Бесқарағай аудандық сотында «Электронды атқару парағын электрондық жүйе арқылы жіберу тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді.  Аталған семинарға соттың кеңсе меңгерушісі және мамандары қатысты. Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сай сот орындаушыларға сот актілерін орындауға жолдау тәртібі бойынша мәселелерді талқылады.                                                                                 

Шемонаиха аудандық сотында «Дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институтын бекіту және дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

27/10/2017

Шемонаиха аудандық сотында сот төрағасы Е.К.Шыныбаев, ШҚО кәсіпкерлер Палатасының Шемонаиха ауданының филиалының директоры м.а. А.В.Тицких, сот мамандарының қатысуымен  «Дауларды сотқа дейінгі жіне соттан тыс реттеу институтын бекіту және дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің барысында ШҚО кәсіпкерлер Палатасының Шемонаиха ауданының филиалымен бірліскен жұмыс үшін стратегиялық-тақырыптық бағыттары және жобалары бойынша ұсыныстар талқыланды.

Брифинг өткізілді

27/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  төрағасы Б.Ә.Кәсеновпен   сот жүйесіндегі электрондық ақпараттық жүйелері және қолданыстағы электрондық ақпараттық жүйелер аясында енгізілген жаңашылдықтар бойынша БАҚ-ның өкілдеріне брифинг өткізілді.

Ортақ мүлікті бөлу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқарды

27/10/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында азаматшы М.-ның жауапкер К.-мен ортақ мүлікті бөлу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында талапкер М. мен К. төмендегідей шарт бойынша медиативтік келісімге келді.

Оқ дәрілерді заңсыз иемденіп, сақтағаны үшін сот үкімімен 1 (бір) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, 240 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылды

27/10/2017

Тарбағатай аудандық сотында ҚК-нің 287-бабының, 3-бөлігімен сотқа берілген сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық  іс қаралды.

Жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды

27/10/2017

Тарбағатай аудандық сотында ҚК-нің 188-бабы, 1-бөлігімен сотқа берілген, О-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат О., дүкенге ішімдік сатып алуға барған.  Дүкен жабық болған, Ақсуат ауылында  орналасқан Ж-ның    үйінің ауласына заңсыз кіріп, құны 10 000 теңге бағаланған ыдыс-аяқты жасырын жымқырып кеткен. Соңынан ол ыдыс-аяқты 500 теңгеге сатып, ақшасына ішімдік алып ішіп, жәбірленушіге 10 000 теңгеге  елеулі материалдық залал келтіргені анықталды.

«Халықтың көші-қоны туралы» Заңын бұзғаны үшін ҚХР-ның азаматы әкімшілік жауаптылыққа тартылды

27/10/2017

Зайсан  аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен  (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) ҚХР-ның азаматы Р-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Риддер қалалық сотында, соттың толықтай қауіпсіздігін қамтитын заманауи құрылғы орнатылды

27/10/2017

Риддер қалалық сотында заттарды барынша дәл анықтайтын «Rapiscan 620XP» рентгенді-теледидарлы құрылғысы  орнатылды.

«Rapiscan 620XR»  жүйесі  қауіпті заттарды табуға арналған құрылғы ретінде таныстырылады.

Есірткі затын сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

27/10/2017

Тарбағатай ауданының №2 аудандық соты Б-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (әрі қарай ҚК) 296-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

«Допинг» жедел алдын алу шарасы барысында Тарбағатай ауданы, Тәуке ауылының тұрғыны Б. киіп жүрген шалбарының қалтасынан қағазға оралған, жасыл түсті, өткір иісі бар шөп тәркіленген.

Соттың үкімімен ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық теріс қылық жасауда кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 100 (бір жүз) сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылды.

Белгіленген мерзімде Қазақстан аумағынан шықпаған

27/10/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының, 4-бөлігінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Өзбекстан Республикасының азаматы К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.