Архив событий

25/10/2017

Электрондық қызметтердің қол жетімділігі үшін

25/10/2017

Назарларыңызға сот органдарының электрондық қызметтерінің барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының фойесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментімен көрсетілетін электрондық қызметтерді алуға болатын «Халыққа қызмет көрсету орталығы» бұрышы жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ахуалдық орталықтың» жұмысымен танысу семинары өтті

25/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі А. Кайсанова  сот мамандарының қатысуымен «Ахуалдық орталықтың» жұмысына арналған семинар өткізді.

Семинар барысында барлық қатысушылар нақты уақыт режимінде соттар жұмысын бақылауға алатын, біріңғай жүйе болып табылатын «Ахуалдық орталықтың» жұмысына арналған сұрақтарды талқылады.

Риддер қалалық сотында ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды

25/10/2017

Риддер қалалық сотында ата-аналық құқықығынан айыру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер М. жауапкер В.-ға ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арызымен жүгініп, жауапкерден 1999 жылы туылған А. деген қызы бар екенін алға тартты. 2000 жылы жауапкермен некелері бұзылған, содан бастап жауапкер баланың тәрбиесі мен асырауына үлесін қоспаған.

Мамандандырылған сотта айыптау үкімі шығарылды

25/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Л-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, Л. қатты алкогольдік масаю күйінде өзінің танысын өлтірген.

Сот отырысында сотталушы Л. өзіне тағылған айыпты толықтай мойындады.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауапқа тартылды

25/10/2017

Аягөз аудандық сотында азамат С. сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Әкімшілік іс материалдарына  сәйкес, азамат С. Аягөз аудандық сотының ғимаратына алкогольдік ішімдік ішкен жеңіл күйіндегі масаң түрде келіп,  сотқа құрметтемеушілік білдірген.

Сот,  құқық бұзушы С.–ны ӘҚБТК-ның 653-бабы 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны 1 тәулік әкімшілік қамаққа алуға жазалады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

«Төрелік» бағдарламасында электронды ақпараттық есепке алу құжаттарын дұрыс толтыру тәртібі» тақырыбында семинар сабақ

25/10/2017

Көкпекті аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Ш.Қалдыбаева сот мамандары арасында  «Төрелік» бағдарламасында электронды ақпараттық есепке алу құжаттарын дұрыс толтыру тәртібі» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Ш. Қалдыбаева  өз баяндамасында сот мамандарына құжаттарды толтыру кезінде өте мұқият болу қажет екендігін, толтырылған мәліметке сәйкес статистикалық есеп қалыптасуына байланысты,  бағдарламаға енгізілген мәліметтердің сапасына аса назар аудару қажет екендігін ескертті.

Катонқарағай аудандық сотының қызметкерлері арасында электронды сенімхатты талқылау бойынша семинар өтті

25/10/2017

Катонқарағай аудандық сотының қызметкерлері арасында электронды сенімхатты талқылау бойынша семинар өтті.

Кеңсе меңгерушісі Э.К. Жансултанова «Сот кабинеті» қызмет көрсету  сервисін дамыту аясында «Электрондық сенімхат» қызметі әзірленгенін, бұл қызмет қолданушылардың электронды түрде сенімхатты жолдауына мүмкіндік беретіндігін. Сондай-ақ, нотариусқа жүгінудің қажеті жоқ екендігін атап өтті.

Бұл сенімхат тек бір істің аясында ғана беріледі және қолдану мерзімі сот актісінің заңды күшіне еніп, атқаруға жолданғанға дейін ғана жарамды.

Заңсыз аң аулау

25/10/2017

Аягоз аудандық сотында Р-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына  сәйкес, азамат  Р  жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, ірі залал келтіре отырып заңсыз аң аулау мақсатында, 14 дана ҚР Қызыл кітабына енген «Саджа» құстарын, өзінің иелігіндегі аңшы мылтығымен заңсыз атып алып, мемлекетке 2772000 теңге залал келтірген.

«Дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы» тақырыбында семинар

25/10/2017

Көкпекті аудандық соты төрағасының м.а. Н. Жаныбековамен 2017 жылдың қазан айының 19 күні  Жарма телекоммуникация желі орталығының – Көкпекті желі учаскесінің ғимаратында  «Дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Аталған шараға мекеменің басшысы А.Ахметжанов және қызметкерлері Р. Коныспаева, Д.Бирюков, Т. Акжигитова, Б. Мажикенов, М. Баяхметов, А. Дриглазов қатысты.