Архив событий

12/10/2017

Экономикалық сотта 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

12/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «2017 жылдың 9 айы бойынша сот жұмысының қорытындысы»  тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихатына төраға м.а. Б. Жаманбаев, судья С.Жайлибаева және келесі БАҚ өкілдері қатысты: «РегионPRESS» газетінің тілшісі, «Қазақстан-Өскемен» телерадио кешені тілшілері, «Мой город» газетінің тілшісі.

Өскемен қалалық соттарындағы мұрағат жүргізуге байланысты күрделі сұрақтар талқыға салынды

12/10/2017

Шығыс Қазақстан облысының маманадандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында «Соттардағы мұрағат жүргізуге байланысты күрделі сұрақтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Талап арыз қанағаттандырылды

12/10/2017

Өскемен қалалық сотында талапкер С. банк пен клиент арасында түзілген заем шартының несиелік қызмет көрсеткені үшін комиссия өндіру бөлігін заңсыз деп тауып, оны өндіру жайлы азаматтық ісі қаралды.   

Істің мән-жайы бойынша талапкер С. және банк арасында 2014 жылы заем шарты жасалған, ол бойынша банк талапкер С-ға тұтынушылық мақсатта 2 500 000 теңге несие берген.

Үштілідік жолында

12/10/2017

Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты ХХІV сессиясында ағылшын тілі –әлемдік тіл, әлемдік ғылым, инновация және интернет тілі екенін атап өтті. Елбасының айтуынша үштілдікті енгізу қазақстандықтарды болашаққа дайындау болып табылады. Екітілдіктен үштілдікке өтудің басты мақсаты әрбір қазақстандық үш тілді меңгеру идеясын түсінуінен тұрады.

Семей қалалық сотында ашық есіктер күні өткізілді

12/10/2017

Семей қалалық сотында ашық есіктер күні өткізілді. Семей қалалық сотының жұмысымен танысуға Семей қаласының гуманитарлы-заңды және техникалық колледжінің студенттері танысуға келді. Болашақ заңгерлерге іс-шара экскурсиядан басталды, оның барысында олар сот отырысы залдарын, медиация кабинеті, сот мұражайын тамашалады. Сот органдарының жаңа инновациялық технологияларымен, автоматтандырылған құжат айналымы жүйесінің жұмысы жайлы кеңсе меңгерушісінің м.а. Г. Толысбаева әңгімеледі.

Риддер қалалық сотында «Ғасырлардағы сот жүйесінің дамуы-Қазақстандағы әділдік кілтінің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

12/10/2017

Риддер қалалық сотында «Ғасырлардағы сот жүйесінің дамуы-Қазақстандағы әділдік кілтінің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Риддер қалалық сотының төрағасы Т.К.Адаспаев, сот мамандары, мемлекеттік қызмет өкілдері сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.