ШҚО тұрғыны алдау жолымен 1 400 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты иемденген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-тің 190 бабының 3 бөлігінің 1 тармағы бойынша (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен ірі мөлшерде бөтен мүлiкке құқықты иемдену) азамат М-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотта М. өзінің жұбайының ағасы автокөлігін сатып 1 500 000 теңге алған және сатып алушылардың біреуінде 100 000 теңге қарызы қалғанын біліп, қарызын қайтартып беруге өзінің көмегін ұсынғаны анықталды. К. оған келіскен. Сол кезде М. К.-нің жанында тұрып өзінің достарына қоңырау шалғандай болып, борышкерлерден қарыз ақшаны қайтарту туралы сөйлескен. Бұдан әрі М. К.-ға одан қарыз ақша алған борышкерлер мен достарының арасында қарыз ақшаны қайтару туралы сөйлесу барысында жанжал шығып кеткенін түсіндірген. Жанжал кезінде оның достары атылатын қару қолданғандықтан полиция қызметкерлерімен ұсталғанын, енді бұл проблеманы шешу үшін 1 000 000 теңге қажет екендігін айтқан. Сол кезде К. өзінің шешесінің атына несие ресімдеп, М.-ға 900 000 теңгені оның достарының проблемасын шешу үшін берген. Біраз уақыт өткеннен кейін М. К.-дан тағы да 500 000 теңге сұраған, бұл соманы К. өзінің досынан қарызға алып берген. Осылайша М.-ның қылмыстық әрекетімен жәбірленушіге 1 400 000 теңге көлемінде шығын келтірілген.

Сот үкімімен азамат М. қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, және жазаны жеңілдететін мән-жайларды: оның асырауында жас баласының барын, материалдық және моральдық шығындардың орнын ерікті түрде толтырғанын, жасаған әрекеті үшін шын өкініп, кінәсін мойындағанын  есепке алып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.        

        

Өскемен қаласының

№2 сотының баспасөз қызметі