ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы «Жасұлан» лицейдің оқушыларымен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының № 2 ювеналды сотының судьясы Р.З.Байжуманова және психолог Р.С.Самарова Ш.Уәлиханов атындағы мамандандырылған «Жасұлан» мектеп-лицей-интернаттағы оқушылармен кездесу өткізді.

Судья Р.З.Байжуманова оқушылармен қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтардың  алдын алу үшін профилактикалық жұмыс өткізді. Кездесу барысында мектеп оқушыларына медиация туралы, оның қажеттілігі мен қолданылуы, бітімгершілік рәсімінің негізгі жүргізу рәсімдері туралы талқылап айтып берді.

Психолог диагностикалық, психопрофилактикалық және түзету жұмыстарымен таныстырды, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін мәселелер туралы және олардың шешу жолдары жайлы талқылады.

Кездесу соңында қатысушылардың  сұрақтарына жауаптар берілді.

 

ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық сотының

баспасөз қызметі