Архив событий

20/07/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді

20/07/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс шараға   сот төрағасы А.Әли, судья Г.Кудербаева,  аудан  прокуратурасының прокуроры Т.Даулетханов,    адвокат А.Кусманов және сотқа келушілер  қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізу мақсаты – оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібін таныстыру.

Өскемен қаласының №2 сотының судьясы брифинг өткізді

20/07/2017

Өскемен қаласының №2 сотының судьясы «Менің өлкем» газетінің тілшісі Т.Мұхамадиев,  «Устинка» газетінің тілшісі В. Скрипниченко, «Мой город» газетінің тілшісі Р. Кудиновтың,  қатысуымен брифинг өткізді.

Іс бойынша төрағалық етуші  судья Э. Мукаев өзінің сөз сөйлеуінде, тілшілерге өзінің Л. қатысты қараған қылмыстық ісі бойынша ірі мөлшерде алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдендені үшін сотталғанын айтып өтті.

Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланғаны үшін сотталды

20/07/2017

Зырян ауданының №2 аудандық сотымен Қылмыстық Кодекстің 361 бабының 2 бөліміне сәйкес (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) құқық бұзушылық жасағаны үшін  Серебрянск қаласының полиция бөлімінің А. және К. участкелік инспекторлары сотталды.

Сот залынан

20/07/2017
Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған   Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
 
Б. жұмыс орнында, яғни Курчатов қаласы Рожановича көшесі 3-үйінде орналасқан «Аида» сауда дүкенінде азаматша О.-ға, заңмен тиым салынған  уақытта  алкоголь өнімін өткізген. Осы құқық бұзушылық қылмыстық істі қарау кезінде анықталған.
 

Көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсi бар көлiк құралын басқарғаны үшін жазаланды

20/07/2017

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі (Көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсi бар көлiк құралын басқару) бойынша құқық бұзушылық жасаған О.-қа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта азамат О. автокөлікті көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiмен басқарғаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оны 1(бір) жылға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жазаға тартылды

20/07/2017
Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі (сотты құрметтемеушілік) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, азаматтық іс бойынша жауапкер Ж. сот отырысына себепсіз келмеген. Жауапкер сот отырысының өтетін орны мен уақыты туралы тиісінше хабарланған. Істі жауапкердің қатысуынсыз қарау мүмкін болмағандықтан іс кейінге қалдырылған.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін» талқылады

20/07/2017

Үржар аудандық соты қызметкерлерінің арасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» талаптары  бойынша семинар өткізілді.

Шараға кеңсе меңгерушісі А.Б.Орынбасар  және сот қызметкерлері  қатысты.

Көкпекті аудандық сотында «Сотта архив жұмысын жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді

20/07/2017

Көкпекті аудандық сотында «Сотта архив жұмысын жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған іс шараға кеңсе меңгерушісінің м.а. И.Құсманқызы, бас маман – сот отырысының хатшысы Г.О.Омырзакова, сот приставы Б.А.Куржанбаев қатысты.

Кеңсе меңгерушісінің м.а. И.Құсманқызымен «Төрелік» бағдарламасы арқылы жүмысты ұйымдастыру туралы түсінік берілді. Кеңсе меңгерушісінің м.а. сот қызметкерлері істерді тиісті түрде рәсімдеп, қалыптастырып, мұрағатқа уақытында тапсыру үшін жауапты екенін атап өтті.

Ювеналды № 1 сотына халықаралық сарапшы келді

20/07/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотын Қазақстан Республикасындағы БҰҰ ЮНИСЕФ ұйымының интерні, халықаралық сарапшы Керри Матуллис, БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының ұлттық кеңесшісі И.К.Мацкевич жұмыс кездесуімен келді.

Сотта «Моральдық зиянды өтеу туралы істерді қарау мәселелері» атты тақырыпта семинар сабағы өтті

20/07/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Моральдық зиянды өтеу туралы істерді қарау мәселелері» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді. Семинарға аудандық прокуратура, құқық қорғау сондай-ақ мемлекеттік мекеме өкілдері және адвокат қатысты.

Медиация тәртібімен бітімгершілікке келді

20/07/2017

Өскемен қалалық сотында материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талабын істегі зерттеу актісі және көршілермен ПИК-тің төрағасының түсініктеріне сүйеніп, жауапкердің кесірінен бірнеше рет пәтерін су басқанын айтып көрсетті.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиациялық тәртіпте бітімгершілікпен шешу мақсатында  өзара келісімге келді. Ол бойынша жауапкер келтірген материалдық және моральдық зиянды өтеу мақсатында 150000 тенге өтеуге келісті.

Семинар сабағы өтті

20/07/2017

Өскемен қалалық сотында «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының қағидаттары. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында сот мамандарының қатысуымен семинар сабағы өтті.

Отбасы сот медиациясының көмегімен сақталды

20/07/2017

Талапкер Г. жауапкер Б-тен неке бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Талапкер  некені бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгініп, арызында   2009 жылы жауапкермен заңды некеге тұрып, осы некеден екі кәмелетке толмаған балалары бар екені, жауапкермен мінездері жараспауына байланысты жиі жанжал болатынын көрсеткен.

Өскемен қалалық сотымен дау медиация тәртібімен бітімгершілікке келді

20/07/2017

Өскемен қалалық сотымен келісім шартының бұзылуына байланысты Lada маркалы авто көлігін қайтару,  қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында жауапкер  автокөлікті  жалға алу туралы  талаптармен нотариалды түрде  бекітілген келісім шарты орындамаған. Жауапкер келісім шарттың негіздерін бұза отырып жалға алу  өтем ақысының  өсуіне жол берген.

Жол-көлік оқиғасы дауы медиация тәртібімен қысқартылды

20/07/2017

Сотқа аз.Ч-нен аз.Ж-тан материалдық және моральдық залалды өндіру туралы талап – арызы түскен.

Талап арызға сәйкес, 12.05.2017 жылы  мөлшері сағат 22.00 кезінде Преображенка-Көкпекті тас жолында жол-көлік оқиғасы болған. Осы жол-көлік оқиға салдарынан аз.Ч-ге материалдық шығын келтірілген, яғни  оған тиесілі «Фольцваген Пассат» автокөлігі бүлінген.

Жоғарыда көрсетілген негізінде талапкер Ч. жауапкер Ж-тан 400 000 теңге материалдық шығын және 300 000теңге моральдық зиян өндіруді сұраған.