Көкпекті аудандық сотында «Сотта архив жұмысын жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті аудандық сотында «Сотта архив жұмысын жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған іс шараға кеңсе меңгерушісінің м.а. И.Құсманқызы, бас маман – сот отырысының хатшысы Г.О.Омырзакова, сот приставы Б.А.Куржанбаев қатысты.

Кеңсе меңгерушісінің м.а. И.Құсманқызымен «Төрелік» бағдарламасы арқылы жүмысты ұйымдастыру туралы түсінік берілді. Кеңсе меңгерушісінің м.а. сот қызметкерлері істерді тиісті түрде рәсімдеп, қалыптастырып, мұрағатқа уақытында тапсыру үшін жауапты екенін атап өтті.

Сонымен қатар, іс шара барысында архив жұмысының басты мәселелері,  атап айтқанда архивқа істерді тапсыру алдында тізімдерді дұрыс құру, облыстық сотқа жолданатын істерді тиісті түрде рәсімдеу жұмыстары талқыланды.

Бас маман – сот отырысының хатшысы Г.О.Омырзаковамен қатысушыларға сот істерін архивқа тапсыру үшін қабылдау – тапсыру тізімдерін рәсімдеу тәртібі, электронды құжат рәсімделетін мәліметтерді толтыру тәртіптері түсіндірілді.

Семинарды қортындылай сот қызметкерлері ой-пікірлерімен алмасты.

 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі