Архив событий

04/07/2017

Риддер қалалық сотының төрағасы судьялар мен сот қызметкерлерін Астана күні мерекесімен құттықтады

04/07/2017

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.К. Адаспаев судьялар мен сот қызметкерлерін Астана күні мерекесімен құттықтады.

1997 жылы қазан айында Астана Қазақстан Республикасының бас қаласы болып жарияланды. Бұл айтулы күн болды. Жас қала – Астана бүгінгі күні еліміздің басты қаласы, ондағы тұрғындар миллионға жетті.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында брифинг өткізілді

04/07/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Медиация туралы заңды қолдану» тақырыбында брифинг өтті.

Сот төрағасы Р.Омаровпен «Медиация туралы» Заңның қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер өндірісінде қолдану мәселесі жөнінде айтылды. Соңымен қатар, татуластыру рәсімдерін қолданумен қаралған істер бойынша ақпараттарды ұсынды, яғни, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында медиация тәртібінде 16 азаматтық, 17 әкімшілік құқық бұзушылық туралы, 9 қылмыстық іс қысқартылған.

Зайсан аудандық сотында 2017 жылдың алты айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

04/07/2017

Зайсан аудандық сотында 2017 жылдың  алты айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев, судьялар Н.З.Хасенбаев, Г.С.Нуртазинова, аудандық «Достық» газетінің тілшісі А.Ахыт, аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Баспасөз мәслихаты барысында соттың төрағасы аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.

Міндеттеме шарттары заң талаптарына сәйкес болғандықтан шешім шығарылды

04/07/2017

Тарбағатай аудандық сотында талапкер А-ның жауапкер Б-дан   қарыз сомманы өндіру  туралы  азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында жауапкердің талапкерден қарыз алу шарты бойынша қарызға 1 120 000 теңгені, белгіленген мерзімге дейін қайтарамын деп алған және бүгінгі күнге дейін еш себепсіз  қайтармағаны анықталды.  

Судья, талапкердің, жауапкердің өтініштерімен танысып, іс құжаттарын толығымен зерттеп, талап арызды төмендегі негіздер бойынша қанағаттандыруға жатады деп санайды.

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында 2 тоқсанда атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

04/07/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Р.Омаровпен 2017 жылдың 2 тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз маслихаты өткізілді.

Шара барысында сот төрағасы соттың тоқсандық жұмысы жөнінде баяндап, сотқа түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін атап өтті.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

04/07/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Өзбекстан Республикасының азаматы К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ашық есік күні

04/07/2017

Риддер қалалық соты сотқа келушілерге арналған «Ашық есік күнін» өткізді. Келушілер сот төрағасы Т.Қ.Адаспаевтың жеке қабылдауында болып, сот мұражайымен танысып, сот отырысы залдарын аралап көрді. Сонымен қатар, сот мұрағат жұмысымен танысты.

Сот төрағасы келушілерге аудандық (қалалық) сот жұмысының басым бағыттарымен таныстырып өтті. Олардың бірі ретінде – сот  қызметінің ашықтығы мен жариялылығы туралы және қоғамдық өкілдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп қызмет атқарудың маңыздылығына тоқталды.