Архив событий

03/07/2017

Өскемен қалалық сотымен партисипативтік рәсім бекітілді

03/07/2017

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық сотымен қарызды өндіру туралы азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібіндегі келісіммен бекітілді.

Жауапкер Банктік заем шарт бойынша берешекті төлеуден бас тартқан. Соның салдарынан талапкер сотқа жауапкерден 4 500 000 тенге көлемінде берешекті өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Аудандық сотта істерді мұрағатқа тапсыру тәртібі талқыланды

03/07/2017

Бесқарағай аудандық сотында ҚР соттарында жинақталған құжаттарды қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты  сақтауға тапсыру туралы Ережені зерделеу жөнінде сот мамандарының қатысуымен семинар сабақ өтті.                                                   

Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

03/07/2017

Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.М.Садуакасова жергілікті «Тарбағатай» газетінің тілшісі Е.Бапановпен бірінші жарты жылдың қорытындысы  бойынша брифинг өткізді.

Шара барысында К.М.Садуакасова ағымдағы жылдың алты айында сотта 14 қылмыстық, 126 азаматтық, 145 әкімшілік іс қаралғанын,  оның ішінде 8 қылмыстық іс немесе 57%, 17 азаматтық іс немесе 13,5 %, 39 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс немесе 27 %  медиация тәртібімен аяқталғанын айтты.

Рақымшылық заңы қолданылды

03/07/2017

Зайсан аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен  қарастырылған алаяқтық  бойынша  М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.                                                

2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихаты

03/07/2017

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында сот төрағасы м.а. А.М.Амреева 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатына «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінің тілшілері қатысты.

Жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарғаны үшін жазаның түрі ауыстырылды

03/07/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында Көкпекті аудандық №2 пробация қызметінің Ж.-ға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға ауыстыру ұсыным құжаттары қаралды.

Қарызды өндіру туралы дау медиация тәртібімен шешілді

03/07/2017

Өскемен қалалық сотына  талапкер А. жауапкер М.-ға қатысты  қарызға берілген  37 485 600 теңгені өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді. Жауапкер қарыз ақшаны алғаны жөнінде  сотқа заемшартын ұсынды.

Сотта істі қарау барысында тараптар судья медиатордың   қатысуымен талапкер мен жауапкер өзара келісімге келіп, дауды медиация тәртібімен шешті. Медициялық келісім бойынша жауапкер талапкерге 39 000 000 теңге 2018 жылдың 25-маусымына дейін қайтаруға өзара келісті.

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

03/07/2017

Бесқарағай аудандық соты азамат Ю.-ға  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Ю. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша азамат Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.  

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылау» тақырыбымен баспасөз мәслихаты

03/07/2017

 

Үржар аудандық сотының ғимаратында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодесіне енгізілген өзгерістерді талқылау» тақырыбымен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатымен сот төрағасы Д.С.Серикбай  аудандық «Уақыт тынысы» газетінің тілшісі, аудандық қорғаушылар, аудандық прокуратураның  және ішкі істер бөлімінің  өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.