Архив событий

19/07/2017

«Еңбек кодексінің нормаларын зерделеу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

19/07/2017

Күршім ауданының №2 аудандық соты «Еңбек кодексінің нормаларын зерделеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Семинарға прокурор және құқыққорғау органдарының өкілдері қатысты.

Аталған шараны өткізудің мақсаты ‒ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің жеке нормаларын түсіндіру.

Қазақстан Республикасының Тілдер туралы заңамасын қадағалауға бақылау жасау

19/07/2017

Өскемен қалалық сотында «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы заңнамасын қадағалауға бақылау жасау» тақырыбында семинар сабағы өткізіліп, оған сот мамандары мен кеңсе меңгерушісі қатысты.

Жұмыс барысында бас маман – сот отырысының хатшысы М. Бостанова, «Тілдер туралы» заңдардың сақталуына бақылау жасаудың негізгі мақсаты - мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңдарды тиісінше орындауын қамтамасыз ету екендігін қадап айтты.

Медиация рәсімі өткізілді

19/07/2017

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 191 бабы 1 бөлігімен А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру).

Сотта анықталғандай, А. кафенің қасында алкогольді ішімдікті ішіп отырған К. көреді.

А. соның жаңына келіп, К.-дан оған алкоголь құйып беруді сұрап тұрған кезде, К. өзінің шалбарының қалтасына ұялы телефоның салғаның көрді. Сол уақытта, А. ашық түрде К.-ның қалтасынан ұялы телефонды жымқырды. Соның салдарынан, жәбірленушіге 75 500 теңгеге материалдық залал келтірді.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының сот алқаларының төрағалары Аймақтық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізді

19/07/2017

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Мұратұлы Шақпантаев пен азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиұлы Әбдіғалиев Шығыс Қазақстан облысының Аймақтық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Денсаулыққа қасақана жеңіл дәрежедегі зиян келтіру бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

19/07/2017

Тарбағатай ауданының № 2 аудандық сотында азамат О.-ға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 108 бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша қылмыстық ісі қаралды.

Жаңалық ауылының тұрғыны сотталушы М. жәбірленуші О. қолындағы қамшымен ұрып, денесіне жеңіл дәрежеде дене жарақатын түсірген.

Сот талқылауына дайындық жүргізу барысында жеке айыптаушы О.айыпталушы  М.  өзара медиативтік келісімге келіп, татуласқанын көрсетіп, сотқа медиативтік келісім ұсынып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Заңға еңгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы

19/07/2017

Зайсан аудандық сотында 03.07.2017 жылғы №84-VI «Құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселесіне байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Әкімшілік құқық бузшылық туралы Қазақстан Республикасының кодекстеріне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Ақжар ауылында Абай ескерткішінің ашылуына сот ардагері қатысты

19/07/2017

Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнатылды.

Ескертікіштің ашылуына сот ардагері Талғат Әбілмәшұлы Омар, Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.Садуакасова, №2 аудандық сотының төрағасы С.Ахмеджанов, Тарбағатай ауданының әкімі Д.Оразбаев және Абай ауданының  өкілдері қатысты.

Ескерткіш орнату рәсімін «Қазақстан» ұлттық телеарнасы мен «Хабар» телеарнасының  өкілдері бейнетаспаға түсірді.

Іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

19/07/2017

Курчатов қалалық  сотымен ҚК 188-бабының 1-бөлігімен  (ұрлық)  М.-ты айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, М. А.-ның пәтерінде бола тұра, соңғысына  тиесілі«iPhone7» маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап алған. М. өзінің қылмыстық әрекетімен жәбірленушіге 450000 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген.

Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласқанын айтып, істі қысқартуларын сұрады.

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы

19/07/2017

Өскемен қалалық сотында сот судьялары мен мамандардың қатысуымен «Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы» тақырыбындағы семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараның модераторы ретінде сот төрағасы Б.К. Тайтолеуов  сөз сөйлеп, мүдделер қақтығысы – мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық екендігін айта кетті.

Бітімгершілік институттарын дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті

19/07/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Бітімгершілік институттары - тарихы және болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Күршім ауданының №2 сотының төрағасы Р.Омаров, және кәсіби емес медиаторлар Н.Жадранова, А.Нугумарова, З.Кикенбаева қатысты.

Сот төрағасы өз баяндамасында бітімгершілік институттары Ұлы қазақ даласында дана билерінен бастау алатынын және тарихы тереңде жатқанын ерекше атап өтіп, Азаматтық-процестік кодексімен медиация заңы соның бүгінгі күнгі жалғасы екеніне тоқталды.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19/07/2017

Семей қалалық сотында құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Жол көлік апаты салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы сот отырысына жауапкер үш күннен кейін ғана, оған қоса киімі сай емес, шорты киіп келген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653 бабына сәйкес, сотқа немесе сот белгілеген тәртіпке көпе-көрінеу менсінбеушілік әрекеттеріне айғақ боларлық кез-келген әрекеттің сотқа құрмет көрсетпеушілік болып табылады.

Медиацияны дамытуға бағытталды

19/07/2017

Бүгін  аудандық сот төрағасы Е.Е. Адильбеков Абай ауданы аймағында медиацияны дамыту мақсатында, сонымен бірге бітімгершілік рәсімдерінің мүмкіндіктерін, қызметін түсіндіру үшін ауданның кәсіби емес медиаторларымен дөңгелек үстел кездесуін өткізді.

Екі жыл еңбекақысыз

19/07/2017

Семей қалалық сотында еңбекақыны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа ЖШС-не талап арызбен жүгіне келе, екі жыл техникалық директоры ретінде еңбек атқарып жүрген кезде жауапкер оған 2 192 557 теңге еңбекақы бойынша берешек болғанын көрсеткен. Еңбекақы уақытында төленбегендіктен және де кәсіпорында жұмыс тоқтап тұрғандықтан, өз еркімен шығып кетуге мәжбүр болды.

Республика аумағынан шығарылды

19/07/2017

Семей қалалық сотымен Семей қаласының ІІБ-ның шетел азаматын республика аумағынан шығару туралы арызы қанағаттандырылды.

Іс материалдарына сәйкес, Тәжікстан азаматы еліміздің аумағында адам өмірін қиып, аса ауыр қылмыс жасаған. Алматы қалалық сотының үкімі бойынша жазасын қатаң режимдегi түзеу колониясында өтеп, 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазіргі таңда жазасын өтеп шыққан.

Ауылдық округтерде ашық есік күні өтті

19/07/2017

Абай аудандық сотының төрағасы Е.Е. Адильбековтың ұйымдастыруымен Абай ауданының Көкбай және Құндызды ауылдық округтерінде сот жүйесінің жағымды имиджін қалыптастыру үшін, сонымен қатар Медиацияның міндеттілігі бойынша пилоттық жобаны түсіндіру мақсатында  «Ашық есік» күні өтті.

Экономикалық соттың судьясы «Сот бұйрығы арқылы іс жүргізу» тақырыбында сұхбат берді

19/07/2017

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.С.Салимов жергілікті басылым және теледидар өкілдеріне «Сот бұйрығы арқылы іс жүргізу» тақырыбында сұхбат берді.

Судья өз баяндамасында іс-шараға қатысушылардың назарын сот бұйрығы арқылы іс жүргізудің негізгі артықшылықтарына аударды. Сот 3 жұмыс күні мерзімінде сот бұйрығын шығару туралы арызды қарайды және сот бұйрығы түріндегі процестік шешім қабылдайды. Ал жалпы талап қою арқылы іс жүргізуде істі қарау мерзімі 2 айды құрайды.