Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінде (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Өзбекстан Республикасының азаматы К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, Р.-ға Қазақстан Республикасының аумағына жеке жұмыстарымен келіп, Өскемен қаласының ІІБ-ның көші-қон полициясынан тіркеуден өткен. Алайда ол белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған.  

Сот отырысында ол құқық бұзушылық жасағандығы туралы кінәсін мойындап, өкінетіндігін білдірді.

Сот К.-ны ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігінде көзделген әкішілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік шара ретінде бір тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы етті.

Сот қаулысы заңды күшіне енгізілді.

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі