Архив событий

11/07/2017

Риддер қалалық соты 2017 жылдың 1-ші жартыжылдық жұмысын қорытындылады

11/07/2017

Риддер қалалық сотында 2017  жылдың 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша пресс-конференция өткізілді. Пресс-конференцияға сот төрағасы Т.К. Адаспаев, соттың кеңсе меңгерушісі м.а З.К. Жунусова, мемлекеттік сот қызметкерлері, сонымен қатар жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде сот төрағасы қаралған азаматтық істердің статистикалық деректерін берді.

2017 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

11/07/2017

Курчатов қалалық сотының төрағасы Э.З. Рауясова 2017 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатына «Спектр» және «Курчатов көкжиегі» газеттерінің тілшілері қатысты.

Сот төрағасы  статистикалық мәліметтерді келтіріп, Курчатов  қалалық сотымен 2017 жылдың 6 айында 40 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 17 іс медиация тәртібінде аяқталғанын,  349 азаматтық іс және 198 әкімшілік іс қаралғанын айтып өтті.

Сот залынан

11/07/2017

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігі (Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында К. жұмыс орнында, он сегiз жасқа толмаған 1999 жылы 18 қыркүйекте туылған А.-ға темекі  өнімін сатқан.

Сот қаулысына сәйкес К. ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу әкімшілік жазасы тағайындалды.

Билік өкілін қорлағаны үшін сотталды

11/07/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚК-тің 378-бабының 2-бөлігімен (билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде жария түрде қорлау) сотқа берілген И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында тәркілеу жөніндегі сот актілерін орындауда туындайтын мәселелер талқыланды

11/07/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Тәркілеу жөніндегі сот актілерін орындаудың мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары мен Өскемен қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Б. Мурсалимов, ШҚО Әділет департаментінің әкімшілік айыппұлдарды өндіру және сот қаулыларын орындау бөлімінің басшысы А.Илиясов және аймақтық жеке сот орындаушылар Палатасы басшысының орынбасары К.К. Тунгышбаев қатысты.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі және темекі бұйымдарын сату

11/07/2017

Бородулиха аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 133- бабының 1-бөлігімен азаматша Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сай азаматша Г., «О» дүкенінің сатушысы бола тұра, жасы он сегізге толмаған  Ш-ке бір қорап темекіні сатқан.

Сот отырысында  құқық бұзушы Г. кәмелетке толмаған адамға темекі сатқанын  толық мойындап, істеген әрекетіне шын жүректен өкінетінін айтты.

«Сотты құрметтемеушілік кезіндегі жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

11/07/2017

Бородулиха аудандық сотының қызметкерлеріне «Сотты құрметтемеушілік кезіндегі  жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Аудандық сот төрағасы С.Д.Байбосынова семинар сабағын аша отырып, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот алдында барлығы тең деген конституциялық қағиданы ұстау мақсатында сотты құрметтемеушілік жауапкершілік шарасы қолданылатынын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында пилоттық жобаға байланысты семинар өткізілді

11/07/2017

Шығыс Қазақстан облысының  №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Р.Ақпар «Жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша пилоттық жобаны орындау» тақырыбында судьяларға және медиаторларға семинар өткізді.

Сот төрағасы Р.Ақпар өз баяндамасында сота Жоғарғы Сотттың жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша  жоба  іске асырырылып жатқаның олардың қатысушылардың бірі  

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдікті заңсыз алғаны үшін сотталды

11/07/2017

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚК-нің 339-бабымен,өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн заңсыз алғаны үшін сотқа берілген О.-ға қатысты қылмыстық ісқаралды.

Азаматтық іс жүргізу бойынша семинар

11/07/2017

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында «Судьяның істі сот талқылауына дайындау жөніндегі әрекеттерін ұйымдастыру, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға, аудандық сотының төраға м.а. А.Амреева және аудандық соттың қызметкерлері қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет–конференциясын өткізеді

11/07/2017

Сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығынжәне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 18 шілдесінде сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін  Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы  Қайырбеков Нұрлан Мұратұлы облыс тұрғындары үшін онлайн интернет – конференциясын өткізеді.

Интернет – конференцияға қатысушы азаматтар 723-0801@sud.kz  электронды  мекеніне сұрақтарын жолдай алады. Түскен сұрақтарға жауаптар сол күні электрондық мекендерге жолданады.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

Қала әкімдігінде ашылған медиация кабинетінде дөңгелек үстел өткізілді

11/07/2017

Зайсан қаласы әкімдігінде ашылған медиация кабинетінде «Істі бітімгершілікпен аяқтаудың ұтымды жақтары» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Іс шараға Зайсан қаласының әкімі, қала әкімдігінің қызметкерлері, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы, кәсіпқой емес медиаторлар және  аудандық  «Достық» газетінің тілшілері  қатысты.

Соттағы медиация

11/07/2017

«Медиация туралы» Заң енгізілген күннен бастап медиация институтын дамыту, оны халыққа насихаттау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Медиация ( ағылш. Mediation – делдалдық) екі не одан да көп мүдделі емес үшінші тараптың даулы және жанжалды жағдайларда келісім іздеуіне ықпал етуін  білдіреді.

Медиация – бұл  соттан тыс дауларды реттеу тәсілі, ол ерікті түрде тараптардың екі жаққа тиімді жағын қарастырып, даудышешу болып табылады.

Процессуалдық норманы сақтамағаны үшін жеке қаулы шығарды

11/07/2017

Тарбағатай аудандық сотында А-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі ҚК-ң) 108 бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралды.

Жеке айыптаушы И. сотталушы А. өзін басынан және көзінің тұсынан ұрғып, денсаулығына қасақана жеңіл түрдегі зиян келтіргені үшін айыптаған.

Пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырусыз қалдырылды

11/07/2017

Тарбағатай ауданының № 2 аудандық соты аудандық № 1 пробация қызметінің сотталғандар З.-ға және Р.-ға қатысты  тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын қарады. 

Катонқарағай ауданының № 2 сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді

11/07/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы А.М.Әли  2017 жылдың  6 айында соттың атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз маслихатын өткізді.

Іс шараға соттың судьялары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Баспасөз маслихаты барысында соттың төрағасы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.