Архив событий

14/07/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н. Қайырбеков азаматтарды қабылдауды жүзеге асырып, жас судьялармен кездесті

14/07/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков Глубокое аудандық сотында азаматтарды қабылдауды жүзеге асырды.

Облыстық сот төрағасының қабылдауында Глубокое ауданының тұрғындары – А.А. Шклярук, Н.В. Уткина, Ж.С. Калымова, Б.Ж. Оекенев, сонымен қатар адвокаттар – В.Н. Асанов, Н.И.Кузьмин, О.И.Яценко болды.

Жеке қабылдау барысында азаматтар өздерін мазалап жүрген өзекті сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

Сотқа құрметтемеушілік білдірген үшін жауапқа тартылды

14/07/2017

Аягоз аудандық сотында азамат С. сотқа құрметтемеушілік білдірген үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Әкімшілік іс материалдарына  сәйкес, азамат С. Аягөз аудандық сотының ғимаратына алкогольдік ішімдік ішкен күйінде масаң түрде келіп,  сотқа құрметтемеушілік білдірген.

Сот, құқық бұзушы С.–ны ӘҚБТК-ның 653-бабы 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 1 тәулік әкімшілік қамаққа алуға жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Тұрғындармен кездесу өткізілді

14/07/2017

Мемлекет басшысы судьялардың VII съезінде тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттілігі туралы тапсырма қойған болатын. Осыған орай Катонқарағай  аудандық сотының бас маманы Ш.К.Темиржанова аудан  тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жаңа пилоттық жоба Медиация

14/07/2017

Көкпекті ауданының № 2 сотының жетекші маманы Қ.Қуатов «Достық үйі» ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде Самар Достық үйі мен Шығармашылық үйінің қызметкерлері «Жаңа пилоттық жоба Медиация» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәрісте Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының 2017 жылғы 26-қаңтардағы № 6001-17-7-4/16 өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібен сотқа дейінге реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесімен» таныстырды.

Жүргізушіге көлік құралын белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен жүргізу қағидаттарын сақтамағаны үшін айыппұл салынды

14/07/2017

Тарбағатай аудандық сотында Жарма аудандық Ішкі Істер бөлімінен келіп түскен Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің (ары қарай ӘКБтК) 610 бабының 1 бөлігімен жинақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. 

Сот отырысында құқық бұзушы  Омск-Майкапчшағай тас жолында  «Toyota land Cruiser» автокөлігін жүргізіп бара жатып, 1 бас жылқыны қағып кетіп  жол-көлік оқиғасын жасағаны, дене жарақатын алған адамдар болмағаны анықталды.

Заңға еңгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы семинар өтті

14/07/2017

Зайсан аудандық сотында 03.07.2017 жылғы №84-VI «Құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселесіне байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Әкімшілік құқық бузшылық туралы Қазақстан Республикасының кодекстеріне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев, судьялары Н.З.Хасенбаев, Г.С.Нуртазинова, сот мамандары қатысты.