Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н. Қайырбеков азаматтарды қабылдауды жүзеге асырып, жас судьялармен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков Глубокое аудандық сотында азаматтарды қабылдауды жүзеге асырды.

Облыстық сот төрағасының қабылдауында Глубокое ауданының тұрғындары – А.А. Шклярук, Н.В. Уткина, Ж.С. Калымова, Б.Ж. Оекенев, сонымен қатар адвокаттар – В.Н. Асанов, Н.И.Кузьмин, О.И.Яценко болды.

Жеке қабылдау барысында азаматтар өздерін мазалап жүрген өзекті сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар, іссапар барысында облыстық сот төрағасы Глубокое аудандық сотының еңбек өтілі үш жылға жетпеген жас судьялары – Болатова Әсем Болатқызымен және Рахметова Индира Жұматқызымен әңгімелесу өткізіп, кездесу барысында жас судьялардан өз біліктіліктерін тұрақты түрде жетілдіру жұмыстарын жүргізуді және Сот әдебі кодексінің талаптарын бұлжытпай орындауды талап етті.

Аудандық сот ұжымымен өткізілген жиналыс барысында Н. Қайырбеков судьялар мен сот аппаратының барлық қызметі Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сот саласы алдында қойылған мақсаттарды орындауға, сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға, қағазбастылыққа жол бермей, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталуы тиіс екендігін баса айтты.  

 

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі