Тұрғындармен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекет басшысы судьялардың VII съезінде тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттілігі туралы тапсырма қойған болатын. Осыған орай Катонқарағай  аудандық сотының бас маманы Ш.К.Темиржанова аудан  тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудандық сотының мамандары  татуластыру рәсімдерінің, оның ішінде медиация басымдылықтарын түсіндіріп, Катонқарағай ауданы әкімдігі ғимаратында медиация кабинетінің іске қосылып, жұмыс жасап жатқандығы айтылды. Бұл жерде әркім тиісті нормативтік және әдістемелік әдебиетімен танысып, қажетті кеңестер алып, сонымен қатар, медиация рәсімін жүргізе алатыны турасы мәлімделді. Бас маман Темиржанова Ш.К. жеке санаттағы азаматтық істер бойынша сотқа дейінгі дауларды реттеуді енгізу жөнінде соттарда жүргізілген пилоттық жоба аясын тұрғындарға жеткізді.

Іс-шараны қорытындылай келе пилоттық жобаның қоғамдағы даулы жағдайлардың төмендетуіне әкелетін  жағымды жақтары талқыланып, оны жүзеге асыруға дайын екендігіне ниет білдірді.

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі