Архив событий

17/07/2017

Пара алып сотталды

17/07/2017

Семей қалалық №2 сотымен лауазымды тұлға бола тұра, қылмыстық жалғандық жасап, қоғамдық тамақтану саласында жалған санитарлық – эпидемиологиялық оң қорытынды беру үшін жеке кәсіпкерден 130 мың теңге көлемінде пара алған Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Семей қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы РММ басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бородулиха аудандық сотында «Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

17/07/2017

Бородулиха аудандық сотының ғимаратында «Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына судьялар, кеңсе меңгерушісі А.Касенова, прокурор Е.Краузе, Бородулиха ауданының Ішкі Істер бөлімінің қызметкерлері, сот мамандары қатысты. Төраға м.а. К.Раимбеков алғы сөзімен дөңгелек үстелді ашты.

«Қазақстан Республикасындағы әйел құқықтары» тақырыбында семинар өтті

17/07/2017

Бесқарағай аудандық сотының мамандары «Қазақстан Республикасындағы әйел құқықтары» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында мемлекетпен Елбасының тікелей қолдауымен құқық қорғау, әйелдердің құқықтарын бақылау және қайта қалпына келтіру бойынша институттар құрылуда және дамуда, осы мәселе бойынша дөңгелек үстелдер, өңірлік және халықаралық сипаттағы конференциялар өткізіліп жатқаны айтылды.

Тарбағатай ауданының соттары бірлесіп 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша баспасөз маслихатын өткізді

17/07/2017

Тарбағатай ауданының соттары бірлесіп 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша баспасөз маслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатына Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.Садуакасова, судья Л.Муратқанқызы, №2 аудандық сотының төрағасы С.Ахмеджанов және  «Тарбағатай» газетінің тілшісі  Г.Демеубаева, «Семей таңының» тілшісі Х.Сәтиев қатысты.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жыл басынан бері жауапкершілікке 31 адам тартылған

17/07/2017

Сот отырысының уақытында басталуы неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылуы және болмай қалуы тараптардың жауапкершілік туралы және процесске басқа да қатысушылардың сотқа құрметсіздігі соттардың  әсер етуші  тиімді тетіктерінің бірі қолданыстағы заңнаманы қолдану болып табылады.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта төрағамен мемлекеттік тілдің мәртебесін талқылау үшін ашық есік күні өткізілді

17/07/2017

Семей қаласының ювеналды сотында «Мемлекеттік тілдің мәртебесі» тақырыбына ашық есік күні өткізілді.

Ашық есік күні жас ұрпақтың арасында мемлекеттік тілді насихаттау үшін және мүдделі сұрақтарды талқылау үшін бағытталған.

Аталған шара арнайы колледждің студенттеріне өткізілген. Соттар мен сот мамандары қатысты.

Студенттерге Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» туралы және «Тіл туралы» Заңның жалпы ережелері түсіндірілді.

Жеке айыптау қылмыстық ісі бойынша медиация

17/07/2017

Бесқарағай аудандық сотымен жеке айыптаушы Г.-ның  Ж.-ға  Қазақстан Республикасының 109 бабымен (ұрып-соғу) белгіленген қылмыстық теріс қылықпен айыптау туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.    

Сот талқылауы барысында жеке айыптаушы Г.-дан және сотталушы Ж.-дан сотқа ҚК-тің 109-бабы бойынша жеке айыптау қылмыстық ісін тараптардың медиация тәртібімен татуласқандарына байланысты қысқарту туралы бірлескен өтініш түсті.                                         

Бородулиха аудандық сотымен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында медиация тәртібінде 188 іс қысқартылды

17/07/2017

Медиация Қазақстандағы сот төрелігінің негізгі басымдылығы, даулар мен жанжалдарды шешудің  балама шешімдерін енгізетін құқықтық жүйені дамытудың үлкен әлеуеті.

Медиация дамыту бойынша белсенді жұмыс бөлігі ретінде, Бородулиха аудандық сотымен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында медиация тәртібінде 188 іс қысқартылды, оның ішінде 17 қылмыстық, 38 әкімшілік, 133 азаматтық іс. Өткен жылдың осы кезеңімен жылы медиация тәртібінде 2 қылмыстық, 37 әкімшілік мен 20 азаматтық іс қысқартылды.

Ювеналды №1 сотында дөңгелек үстел өткізілді

17/07/2017

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Н.Жумагулова «Дау-жанжалдарды медиация тәртібінде реттеудің негіздері. Сотқа дейінгі реттеу»  тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.

Осы дөңгелек үстелге Өскемен қаласының бөлім прокуроры А.Дикешова, «Альтернатива» Шығыс Қазақстан құқық және медиация орталығының директоры А.Каленова, кәсіби медиатор Э.Павленко, Шығыс Қазақстан облыстық Қорғаушылар алқасының қорғаушылары Н.К.Герингер, Д.Ж.Абильмажинов қатысты.

Қоғамдық орында есiрткi тұтынғаны үшін жаза тағайындалды

17/07/2017

Бесқарағай аудандық сотымен В.-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс қаралды.     

Сотталушы В. 2017 жылдың 15-16 шілдесінде Канонерка ауылының шет жағында өсіп тұрған марихуана өсімдігін жинап алып, кептіріп, аталмыш есірткі затын өзінің қолдану мақсатында көйлегінің қалтасында заңсыз сақтап жүрген.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іс-шара барысында В.-дан заңсыз сақтап жүрген аталмыш есірткі заты алынған.                                                

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2017 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған баспасөз-мәслихатын ұйымдастырды

17/07/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2017 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған баспасөз-мәслихаты өткізілді.

Баспасөз-мәслихатына аталмыш соттың судьяларымен қатар, облыстық «Алдаспан» және «Менің өлкем» газеттерінің тілшілері қатысты.  

Сот төрағасы С.М. Ибраев аталмыш шараны аша келе, күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелерді атап өтті.

Жазаны өтеуден қаскөйлікпен жалтарғаны үшін жазаның түрі ауыстырылды

17/07/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында Көкпекті аудандық №2 пробация қызметінің А.-ға қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға ауыстыру ұсыным құжаттары қаралды.

ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында соттағы психологтың рөлі туралы сұрақтар талқыланды

17/07/2017

Семей қаласының ювеналды сотының психологы К.Азубаевамен «Соттағы психологтың рөлі» деген тақырыпқа семинар өткізілді.

Бұл тақырыпты талқылайтын негізгі мақсаты – психологтардың кәсіби біліктілігін жоғарлатып, қызметтегі құқықтары мен міндеттерін қарастыру.

Семинарға кәмелетке толмаған балалармен жұмыс атқаратын колледждің психологтары қатысты.