Архив событий

31/07/2017

Дөңгелек үстел өтті

31/07/2017

Сот төрағасының міндетін атқарушы Р.Н.Тоқтаров Үржар ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында Мақаншы ауылдық округі бойынша кәсіби емес медиаторлардың, прокурор қызметкерлерінің, адвокаттардың және Мақаншы өңірі бойынша ауылдық округтерінің өкілдерінің қатысуларымен «Жекелеген санаттар бойынша дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» жөнінде дөңгелек үстел өткізді.

Денсаулыққа келтірген моральдық зиян өтемақысы өндірілді

31/07/2017

Семей қалалық сотымен моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өз талап арызында бұрынғы жұбайы оны ұрып-соғып, өзінің дене жарақаттарына шалдыққанын көрсеткен. Семей қаласының №2 сотының үкіміне сәйкес, жауапкер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 108 бабы бойынша жәбірленушіге қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiруімен қылмыс жасағаны үшін айыпталған.

Қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

31/07/2017

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1,3 тармақтарымен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық үшін сотқа берілген О. мен А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы бейнебайланыс арқылы азаматтарды қабылдады

31/07/2017

Шығыс Қазақстан облыстық соттының төрағасы Нұрлан Қайырбеков бейнебайланыс арқылы азаматтарды қабылдады.

Бұл күні Семей, Зайсан қалаларының және Зырян, Аягөз аудандарының барлық ниет білдірген тұлғалары  қызықтыратын сұрақтарын облыстық соттың төрағасына қоя алды.

Сот төрағасы ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

31/07/2017

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы А.Аринова Таврия ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде сот төрағасы азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, жергілікті халықтың мұң-мұқтажын, сот-құқық саласына қатысты мәселелерін тыңдады, ауыл тұрғындарына сот жүйесіндегі реформалар, судьялық қызмет пен оның жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы  әңгімелеп берді.