Архив событий

21/07/2017

Семей қаласының соттары 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарын қорытындылады

21/07/2017

Семей қалалық сотында баспасөз маслихаты өткізіліп, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында соттармен атқарылған жұмыс қорытындылары жарияланды. Жиында Семей қалалық сотының төрағасы Т.Касимов, Семей қаласының №2 сотының төрағасы Д.Бұлғынбаев, Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Молдағожина және ШҚО № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Р. Кусаинов баяндады.

Кәсіпқой емес медиаторлармен семинар-тренинг өткізілді

21/07/2017

Күршім ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында сот төрағасы Р. Омаровпен  кәсіби емес негізде қызмет атқаратын медиаторлармен семинар-тренинг өткізілді. Казақстанда кәсіби емес медиаторлардың  қызметі Қазақстан Республикасының  28.01.2011 жылғы  № 401-ІV  Заңымен  реттеледі.   Қырық жасқа толған және  кәсіпқой емес медиаторлар тізімінде тұрған  тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады.

«Қазақстан - 2050» стратегиясы

21/07/2017

Қазақстан Республиканың Президенті өз халқына «Қазақстан - 2050» стратегиясы жолдауында аналарға және балаларға қарсы қылмыстар бойынша  жазалардың күшейтілуін талап етті.

Медиация тәртібімен қысқартылды

21/07/2017

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық  кодексінің 73 бабы 1 бөлігімен құқық бұзушылықтар жасаған В. және Д. есімді азаматтарға қатысты 2 әкімшілік іс қаралды.  

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға сәйкес, құқық бұзушылар алкоголь ішімдік ішкен масаң күйлерінде өз тұрғын жайларында ұрыс-жанжал ашып, жұбайларына былапыт сөйлеген.

Глубокое аудандық сотында «Қаралған істерді рәсімдеу» тақырыбына семинарлық сабақ өтті

21/07/2017

Ағымдағы жылдың шілде айының 17-де Глубокое аудандық сотында «Қаралған істерді рәсімдеу»  тақырыбында семинарлық сабақ өтті. Аталған сабаққа кеңсе меңгерушісі мен сот мамандары қатысты. Семинарлық сабақты өткізу барысында маман Мария Дзюба баяндама жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

21/07/2017

Өскемен қалалық сотында сот мамандары үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат. БҰҰ-ның ратификацияланған Конвенциясы шеңберіндегі Қазақстан» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Дөңгелек үстел өткізілді

21/07/2017

Көкпекті ауданының  №  2 аудандық сотында «Әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасын әзірлеу және мерзімінде сотқа жолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге  сот қызметкерлері және Көкпекті ауданының ішкі істер бөлімінің Самар полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің участкелік инспекторлары қатысты.

Дөңгелек үстелдің өткізу мақсаты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайтын өкілеттілігі бар лауазымды тұлғалармен жіберілетін  процессуалдық қателіктерді талқылау.

Соттарда инновациялық технологияларды енгізу

21/07/2017

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментімен «Сот құжаттарының электрондық мұрағаты» инновациялық жүйесін ҚР сот жүйесі органдарына енгізу шеңберінде облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен мұрағатшыларына арналған бейне - конференц байланыс арқылы оқыту өткізілді.

Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округінде ашылған медиация кабинетінде пилоттық жоба бойынша дөңгелек үстел өтті

21/07/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев Дайыр ауылдық округінде ашылған медиация кабинетінде  даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді еңгізу бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасын таныстыру мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Дайыр ауылдық округінің әкімі және кәсіпқой емес медиаторлар  қатысты.

Зайсан аудандық сотының төрағасы Дайыр ауылдық округінің тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізді

21/07/2017

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев Дайыр ауылдық окургіннің тұғындарымен жұмыс кездесуін өткізіп, оған ауылдық округ әкімі, ауылдық ақсақалдар, әйелдер кеңесінің төрағалары, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторы, кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Ауылдық округ тұрғындарына соттың төрағасы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын түсіндіріп, Ұлт жоспарындағы бес институционалдық реформасын жүзеге асыру, ауылда медиацияны дамыту мәселелерін талқылады.

Өскемен қалалық сотында «Ашық есік» күні өтті

21/07/2017

Өскемен қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті.  Азаматтарды Өскемен қалалық сотының төрағасы Б.К. Тайтолеуов қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Келушілер сот мұражайымен танысып, сот отырысы залдарын аралап көрді. Сонымен қатар, сот мұрағат жұмысымен танысты. «Ашық есік күніне» келген азаматтың сауалдарына Өскемен қалалық сотының  төрағасы жауап берді.

Сотпен борышкерге берілген арнайы құқықтардың қолданылуы тоқтатылды

21/07/2017

Глубокое аудандық сотымен Шығыс Қазақстан облысының атқару округінің жеке сот орындаушысының борышкерге бұрын берілген лицензия, рұқсат және арнайы құқықтарының қолданылуын  тоқтату туралы материалы қаралды.

Жеке сот орындаушысы сотқа борышкерге бұрын берілген лицензия, рұқсат және арнайы құқықтарының, атап айтқанда борышкер  А-ның жүргізуші куәлігінің қолдануын тоқтату туралы ұсыныспен жүгінген.

Медиация кабинетінде дөңгелек үстел өтті

21/07/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотының төраға м.а. А.Т.Кальпебаева Шар қаласының әкімшілігінде орналасқан медиация кабинетінде  Шар қаласы бойынша кәсіпқой емес медиатор К.Е.Камалиев, Жарма АІІБ Шар ПБ-нің өкілі УПИ К.Т.Айтмуханбетов, кәмелеттік жасқа толмағандар істері бойынша инспекторлар С.Хасенов, Д.Оразханов, Шар қаласы бойынша АҚ «Халық банк» өкілі С.Оспанова қатысуларымен  «Дауды шешудің балама түрі-медиация» атты тақырыпқа дөнгелек үстел өткізді.

«Мемлекеттік тіл-мемлекет бірлігінің символы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

21/07/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Мемлекеттік тіл-мемлекет бірлігінің символы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына сот мамандары, прокуратура және ішкі істер қызметкерлері қатысты.

«Мелекеттік тіл-достықтың тірегі» тақырыбына соттың  бас маманы Ш.К. Темиржанова баяндама жасады.

Жарма аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

21/07/2017

Жарма аудандық сотында 2017жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өтті.

Баспасөз-конференциясына сот төрағасының м.а. және «Қалба тынысы» газетінің редакторы қатысты.

Сот төрағасының м.а. Садуакасова А. өзінің баяндамасында, қаралған істер санаты бойынша статистикалық мәліметтерді, оның ішінде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер санаты бойынша өткен жылмен салыстыра отырып қорытындылап баяндады.