Архив событий

25/07/2017

Өскемен қалалық сотында «Неке және отбасы дауларын қарау барысында туындайтын сұрақтар» тақырыбында семинар өтті

25/07/2017

Өскемен қалалық сотында «Неке және отбасы дауларын қарау барысында туындайтын сұрақтар» тақырыбында семинар  өтті. Бұл іс-шараға сот судьялары қатысты.

Семинар жұмысы барысында сот тәжірибесінен мысалдар келтірілді, азаматтық істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер нақтыланды.

Семинарда судья М.С. Магзумова неке және мүлікті бөлу дауларында тараптардың құқықтарын қорғаудың бірнеше тәсілдерін қарастыратындығын, оның бірі - бітімгершілік келісіммен дауды шешу екенін атап өтті.

Сот отырысында аудио-бейне жазба құралдарын қолдану

25/07/2017

Өскемен қалалық сотында «сот отырысында аудио-бейне жазба құралдарын  қолдану» жайлы семинар сабағы өткізілді.

Іс шара соттың бас мамандары және сот мәжілісінің хатшыларының  қатысуымен өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі А.А. Амангельды сот жұмысында жаңа технологияларды қолдану арқылы, яғни аудио-бейне жазба құралдарын  қолдану алдымен сот жұмысын жеңілдететінін сонымен қатар сот төрелігінің ашықтығын, әділ өтетінін қамтамассыз ететіні жөнінде айтып өтті.

Семинар өткізілді

25/07/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотында аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу нұсқаулығының талаптарын талқылау мақсатында сот мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.

Жетекші маман Л.Қуатов келіп түскен электронды құжаттарды тіркеуді тәжірибиде қолдану бойынша нұсқамамен таныстырып, құжатты әзірлеу және істер бойынша мәліметтерді электронды  кәртішкелерге  енгізу туралы айтып өтті.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және хаттамаларды әзірлеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

25/07/2017

Күршім аудандық сотында  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және хаттамаларды әзірлеу, сонымен қатар, жұмыстың осы бағытына аса назар аудару»  тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Іс-шараға Күршім ауданының прокуратурасының прокуроры,  Күршім аудандық ІІБ-ның жергілікті полиция қызметі инспекторлары, учаскелік инспекторлар, Күршім аудандық ІІБ-нің  көші-қон полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.

Қазақ құқығы – ежелгі дәуірлерден бірге жасасқан қазақ халқының және барлық көшпелі өркениеттің мәдени байлығы

25/07/2017

Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылында тарихи тұлға Сасан би Мыңбайұлына ескерткіш тұрғызылды.

Шараға аудан әкімі Д.Т.Оразбаев, аудандық соттың төрағасы К.М.Садуакасова, аудандық ақсақалдар алқасының мүшесі Т.Кенжин, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ж.Маханова және Сасан би ұрпақтары мен ауыл тұрғындары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Ескертікіштің ашылуы салтанатында Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.Садуакасова құттықтау сөз сөйледі.

Сот актілерінің орындалуы туралы дөңгелек үстел өтті

25/07/2017

Күршім аудандық сотында сот актілерін орындау барысы турасындағы күрделі сұрақтары мәселесіне арналған «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға кеңсе сот төрағасы Е.Т.Шымыров, Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінің «Сот актілерін орындау бойынша Күршім  аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушылары және Күршім  аудандық ІІБ-нің учаскелік полициялары  қатысты.

Қасқабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

25/07/2017

Абай аудандық сотының төрағасы Е.Е. Адильбеков Қасқабұлақ ауылдық округінде ауыл тұрғындарының құқықтық сұрақтарына жауап беру мақсатында, сонымен қатар бітімгершілік рәсімдері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу ушін  «Ашық есік» күні іс-шарасын өткізді.