Архив событий

13/07/2017

Неке сақталды, қақтығыс шешілді

13/07/2017

Аягөз аудандық сотында талапкер Н. жауапкер Н.-ға қатысты некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан, азамат Н. 2016 жылдың қантар айынан бастан өзінің некедегі жолдасы азаматша Н.-мен бөлек тұратыны, ортақ некеден 2013 жылы туған баласы бар екенін айтылған.

Сот отырысында тараптар өз ара татуласып, медиативтік келісімге келген.

Нәтижесінде сот тараптардың пікірі мен медиациялық келісімін ескере келе, азаматтық іс өндірістен қысқартылған.

Сотпен процестік шығындар өндірілді

13/07/2017

Қылмыстық процестік кодексінің (ары қарай -ҚПК) 55-бабына сәйкес тергеу судьясы прокурордың ұсынысы бойынша процессуалдық шығындарды өндіру туралы сұрақты қарауға құзырлы. ҚПК-тің 177-бабының 8 тармағында процессуалдық шығындар, қылмыстық іс жүргізу шеңберіндегі сот сараптамасы органдарында сараптама жүргiзуге жұмсалған сомалардан тұрады деп көрсетілген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аудармашыға төленген сомаларды қоспағанда, сот процестік шығындарды өндіруге құқылы.

Глубокое аудандық сотында семинар сабақ өткізілді

13/07/2017

12.07.2017 жылы Глубокое аудандық сотында 03.07.2017 жылғы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын зерделеу бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семей қалалық №2 сотында 2017 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз маслихаты өткізілді

13/07/2017

Семей қалалық №2 сотының бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты үйлестіруші, судья И.Е.Алькенов 2017 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша баспасөз маслихатын өткізді.

Баспасөз маслихатқа ТВК-6 телеарнасының тілшісі мен «Вести Семей» газетінің тілшісі қатысты.

Баспасөз маслихатын ұйымдастырудың басты мақсаты сот қызметтерінің насихатталуы, қоғамға атқарылған жұмыстардың қорытындысын жеткізу болып табылады.