Архив событий

05/07/2017

Семей қаласының ювеналды сотында баспасөз мәслихаты өткізілді

05/07/2017

Семей қаласының ювеналды сотында 2017 жылдың 1 - жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы Р.Ақпар БАҚ өкілдерімен кездесуде 2017 жылдың 6 айында жалпы 364 іс қаралғанын, оның ішінде: 182 әкімшілік іс, 247 азаматтық және 16 тұлғаға қатысты 12 қылмыстық істің қаралғанын хабарлады. Былтырғы жылмен салыстырғанда сотқа қылмыстық істер саны 53 %- ға,  азаматтық істер бойынша талап арыздар 25 %-ға, ал әкімшілік істер 3 % - ға артқан.

Бородулиха аудандық сотының төрағасы Байбосынов С. Д. судьялар мен сот қызметкерлерін Астана күнімен құттықтады

05/07/2017

Сот төрағасы мерекенің шығу тарихына кеңінен тоқталып, 1994 жылғы 6 шілдедегі қабылданған маңызды құжаттың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті. Мәселен 1997 жылы Қазақстан Республикасының  Президенті  астананы Ақмолаға ауыстыру туралы түпкілікті шешім қабылдап, 1998 жылғы 6 мамырда Елбасының Жарлығына сәйкес Ақмола атауы Астанаға өзгертілгені жадымызда. Содан бері 1998 жылы астана мәртебесін алған кезінен бастап Астана күні кеңінен аталынып өтуде. Бұрын бұл мейрам қалалық деңгейде тойланса, 2006 жылы қала күні 6 шілдеге ауыстырылды.

Астана күні мерекесімен құттықтады

05/07/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.А.Кәсенов судьялар мен кеңсе мамандарын Астана күнімен құттықтады.

Сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов өз сөзінде 1997 жылы қазан айында Астанамыздың Қазақстан Республикасының бас қаласы болып жарияланғанын, бұл айтулы күннің әр отандасымыз үшін маңызы ерекше екенін жеткізді.

Жарма ауданының №2 сотында 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша баспасөз-мәслихаты өтті

05/07/2017

Жарма ауданының №2 аудандық сотының  төрағасы  Т.С.Адильжанов 2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша «Қалба тынысы» баспасының өкілінің қатысуымен баспасөз-мәслихатын өткізді.

Сот төрағасы баспасөз-мәслихатында Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаларына негізделгендігіне де тоқтала кетті. Бұл қағидалар жай ғана мақсат емес, сот жүйесі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру құралы болып табылады.             

Бородулиха аудандық сотының 2017 жылдың 6 айындағы жұмысы қорытындыланды

05/07/2017

Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д.Байбосынова «Аудан тынысы» газетінің тілшісі  С.Әбілқасымұлының  қатысуымен 2017 жылдың 6 айындағы жұмыстарды пысықтау бойынша баспасөз маслихатын өткізді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2017 жылдың 6 айының ішінде 56 қылмыстық, 854 азаматтық, 353 әкімшілік істер есепті кезеңде қаралды. Бітімгерлік қолдана отырып, 17 қылмыстық іс (30,4%), 132 азаматтық (15,5%), 37 әкімшілік істер (10,5%) сотпен аяқталды.

«Төрелік» арқылы іс жүргізу туралы семинар өткізілді

05/07/2017

Риддер қалалық сотының мамандарының қатысуымен  «Төрелік АЖ бойынша іс жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі м.а.  З.К. Жунусова сот қызметкерлеріне электронды түрде түсетін кіріс құжаттарды тіркеу бойынша нұсқаулықтың талаптарымен  таныстырып, «Төрелік» бағдарламасы бойынша электрондық  карточкаларды толтыру сондай-ақ құжатты жасау тәртібін түсіндірді.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында семинар өтті

05/07/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинарға соттың судьялары мен кеңсе мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын жою.

«Балбөбек» бала бақшасында қайырымдылық акциясы өткізілді

05/07/2017

Астана күні қарсаңында Катонқарағай аудандық сотының судья лауазымына үміткер Т.Сивицкая «Балбөбек»  бала бақшасында қайырымдылық акциясын өткізді. Астана қаласының тарихы турасында ойын  көрсетілді. Сонымен қатар патриоттық тәрбие беру мақсатында балалардың қатысумен «Менің отаным – Қазақстан» флеш-мобы өткізілді. Іс шара соңында балаларға сыйлықтар үйлестірілді.

Қорытындысында балабақша директорының м.а. Нургазиева К. айрықша өткізілген мерекелі іс шараға және балаларға деген көңілдері үшін алғыс білдірді.