Архив событий

30/06/2017

Ювеналды соттардың құрылуына арналған дөңгелек үстел өткізілді

30/06/2017

Семей қаласының Ювеналды соты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құрылуының  5 жылдығына орай «Ювеналды сот балалар құқығын қорғауда» тақырыбында Өскемен қаласындағы Достық Үйінде дөңгелек үстел өткізілді. Аталған дөңгелек үстелдің модераторы ШҚО №2 кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының төрағасы   Ақпар Ринат Миратұлы болды.

Жарма аудандық сотында семинар өтті

30/06/2017

Шығыс Қазақстан облысының Жарма аудандық сотында сотында мамандар арасында 2015 жылдың 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында, жетекші маман Б.А.Құрманғалиев  сот мамандарына үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың барлық талаптарын сақтау керектігін ескерді. 

Тіл тағдыры мен ел тағдыры егіз ұғым

30/06/2017

Тарбағатай аудандық сотында кеңсе меңгерушісі А.С.Қасенғалиеваның ұйымдастыруымен «Тіл тағдыры мен ел тағдыры егіз ұғым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы К.М.Садуақасова, судья Л.Муратқанқызы және кеңсе мамандары қатысты.

Сот еңбек өтілін анықтау туралы арызды ішінара қанағаттандырды

30/06/2017

Тарбағатай аудандық сотында А-ның еңбек өтілін анықтау туралы арызы қаралды.

Арыз иесі сотқа еңбек өтілін анықтау туралы арызымен жүгініп, онда өзі 1985 жылы 24 желтоқсанда баласы К. дүниеге мүгедек болып туылғанын, 1990 жылы 1 қазанда баласына бірінші топтағы мүгедектігі беріліп, зейнетақы тағайындалғанын, сондықтан 1.10.1990-11.05.2005 жылдары аралығында, мүгедек баласына күтім жасаған жылдарын еңбек өтілін анықтау қажет екенін, бұл зейнетақы тағайындау үшін өзіне қажет екенін көрсеткен.

Сот жүйесінде заманауи технологияларды қолдану

30/06/2017

Тұрғындар арасында "Сот кабинеті" қызметін ақпараттандыру және насихаттау сонымен бірге, өзекті мәселелерді талқылау мақсатында, Риддер қалалық сотында "Электронды сот төрелігі соттардың ұтқырлығын және ашықтығын арттыру құралы"  тақырыбында кездесу өтті.

Шараға жергілікті полиция қызметкерлері мен сотқа келушілер қатысты.

Катонқарағай аудандық сотында гендерлік теңдік мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді

30/06/2017

Катонқарағай аудандық сотында гендерлік теңдік мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға сот судьялары, мамандар, аудандық прокуратура қызметкерлері, полиция инспекторы қатысты.

Міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

30/06/2017

Зырян аудандық сотында ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша құқық бұзушылық жасаған аз.Ч.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта құқық бұзушы Ч. кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу бойынша ата-ананың міндеттерін орындамауы анықталды. Нәтижесінде жеткіншек тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқырып, жәбірленушілерге 3260 теңгеге залал келтірген.  

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Достық үйінде «Әкімшілік сот өндірісіндегі медиация институтының дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

30/06/2017

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты облыстық Достық үйінің қоғамдық келісім Орталығында «Әкімшілік сот өндірісіндегі медиация институтының дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Риддер қалалық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында семинар өткізілді

30/06/2017

2017 жылдың 27 маусымында Риддер қалалық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға  сот мамандары қатысты. Семинарды ашқан бас маман Д. Енсебаева өз баяндамасында ұлттық гендерлік саясат біздің еліміздің демократиялық процесінің маңызды негізі болып табылатынын атап өтті.

Зырян аудандық соты Қазақстан Республикасының аумағында болу ережесін бұзған шетелдікті жауапкершілікке тартты

30/06/2017

Зырян аудандық сотында Ресей Федерациясының азаматы С-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Зырян АІІБ-нің қызметкерлерімен тексеру жүргізу барысында Ресей Республикасының азаматы С. Алматы қаласы  Байтұрсынұлы  көшесінде уақытша тіркеліп,  Зырян қаласы  Панфилов көшесінде тұрып жатқандығы анықталған, яғни ол, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

«Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

30/06/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотында сот ғимаратына кіріп– шығу тәртібінің қатаң сақталуын және сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарын болдырмау, оның алдын алуда «Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы» тақырыбында күзет қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға сот төраға м.а. А.Амреева, кеңсе меңгеруші Л.Құнанбаева, "Күзет" қорғауының қызметкерлері қатысты.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді

30/06/2017

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау» тақырыбына семинар өтті.

Семинарға сот қызметкерлері қатысты.

«Ашық есік күні» өткізілді

30/06/2017

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының төраға м.а. А.Амреева самар Достық үйінде   «Ашық есік күнін» өткізді.

Шараны өткізудің мақсаты - азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті жоғарлату және негилизм деңгейін жою, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу. Осындай іс-шаралар сотта тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Кез келген азамат осы күні сотқа келіп өзін толғандырып жүрген сұраққа жауап ала алады. Азаматтардың сұрақтарына толықтай түсіндірмелер берілді.

Медиация тәртібінде даулардың жекелеген санаттары үшін дауларды (жанжалды) міндетті медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру

30/06/2017

Катонқарағай аудандық сотында «Сотқа дейінгі реттеу. Даулар мен жанжалды шешудің медиация негіздері» тақырыбында семинар өтті.

Іс шараға қатысуға аудандық нотариус, кәсіби емес  медиатор және БАҚ өкілдері қатысуға шақырылды.

Алкогольдік масаң күйінде автокөлікті басқарғаны үшін жүргізу құқығынан айырылып, айыппұл салынды

30/06/2017

Жарма ауданының  №2 аудандық сотында азамат Ж-ға  қатысты  Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің  346-бабы, 1-бөлігімен,   яғни көлік құқығынан айырыла тұрып,  автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғаны туралы қылмыстық  іс қаралды.

Іс  құжаттарынан, Шар қаласының тұрғыны  азамат Ж.   автокөлікті басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылғандығын біле тұра, өзінің «Nіssan Primera» маркалы автокөлігін  алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Қылмыстық процесті оңтайландыру бойынша меморандамға қол қойылды

30/06/2017

Үржар аудандық сотының және Үржар аудандық прокуратурасының бастамашылығымен аудандық прокуратура аудандық сот және аудандық ішкі істер бөлімі арасында бірлесе жұмыс істеу туралы меморандум бекітілді.