Күршім ауданының № 2 аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Медиация туралы заңды қолдану» тақырыбында брифинг өтті.

Сот төрағасы Р.Омаровпен «Медиация туралы» Заңның қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер өндірісінде қолдану мәселесі жөнінде айтылды. Соңымен қатар, татуластыру рәсімдерін қолданумен қаралған істер бойынша ақпараттарды ұсынды, яғни, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында медиация тәртібінде 16 азаматтық, 17 әкімшілік құқық бұзушылық туралы, 9 қылмыстық іс қысқартылған.

Тараптардың өз еріктерімен медиативті келісімге келуі болашақта олардың орындалуы да өз еріктерімен екендігін білдіреді. Медиативті рәсімдердің қатысушылары уақыт пен шығындарын үнемдейді, сонымен қатар, психологиялық жан-дүниесін сақтап қалады. Төраға Марқакөл ауылдық округінің кәсіби емес медиаторларының сотта қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін ауқымды жүргізген жұмыстарын атап өтті.

Брифинг соңында БАҚ өкілдерінің барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық

сотының баспасөз қызметі