Көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсi бар көлiк құралын басқарғаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі (Көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсi бар көлiк құралын басқару) бойынша құқық бұзушылық жасаған О.-қа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта азамат О. автокөлікті көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiмен басқарғаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оны 1(бір) жылға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Катонқарағай ауданының №2

аудандық сотының

баспасөз қызметі