Пилоттық жобаны насихаттау негізінде дәрістік оқу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотының судьясы Н.З.Хасенбаев Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Бітімге келу-уақыт талабы» тақырыбында дәрістік оқу өткізді.

Заңнын басты мақсаты-екі жақтың құқын тең сақтап, мүдделерін қорғап алуларына жағдай жасау. Медиацияның қағидаттарына келер болсақ, ол –еріктілік. Азамат басына іс түссе медиация орталығына бара ма, жоқ па өзі шешеді. Екінші қағидаты екі жақтың да тең құқылығы. Мәселен кәдімгі сотта қарапайым халық үшін күдік басым болады. Сот екінші тараптың мүддесіне жығылып отырған сияқты болып көрінеді де, сотқа деген сенімге де селкеу түседі. Ал медиацияның ерекшелігі екі тараптың да тең құқылығының сақталуында. Сонымен қатар, тағы бір ерекшелік медиаторлардың тәуелсіздігі мен бейтараптығы. Тағы бір мәселе, егер екі тарап медиацияның көмегіне жүгінеміз деп тұрса оған ешқандай орган араласа алмайды. Одан кейінгі тағы бір қағидаты –құпиялылығы.

Сөз алушы Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің башысы Л.Дүйсенова қазақ жерінде ежелден дауларды шешу практикасы жақсы дамыған. Әр елдің шешені, биі болысы болған. Қазақ жүйелі сөзге тоқтай білген. Мал дауы, жер дауы, жесір дауы деген билердің төрелігімен шешіліп отырған. Осы дәстүр бүгін жаңаша сипатпен аталмыш заң тұрғысында қорғалып отыр. Біздің ұжым негізінен халықтың ең осал топтарымен, аз қамтылған отбасылар, қарттар мен мүгедектермен жұмыс жүргізетіндіктен бұл тақырып бізге жақын. Жылап келсе жұбатып, ашулы келсе уатып шығарып саламыз. Сіздің осы тақырыпта өткізген дәрісіңізге рахмет айта отырып, еңбектеріңізге жеміс тілейміз деді.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі