Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс шараға   сот төрағасы А.Әли, судья Г.Кудербаева,  аудан  прокуратурасының прокуроры Т.Даулетханов,    адвокат А.Кусманов және сотқа келушілер  қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізу мақсаты – оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібін таныстыру.

Судья Г.Кудербаева Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексі  азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерін соттың тиімді қорғауына бағытталып, дауларды қарастыру  және шешу сапасын тездететіні туралы атап өтті. Сондай-ақ, сот ісін жүргізуді жеңілдету мақсатында қысқартылған өндірістің жаңа түрі - оңайлатылған іс-жүргізу тәртібіне тоқталып өтті. Талап арызды сот өндірісіне қабылдау, оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен талап арыздарды қарау, істерді қарау мерзімі, сонымен қатар, оңайлатылған іс-жүргізу тәртібінің азаматтық істі қарау барысындағы ерекшеліктері мен мазмұнына тоқталды.

Іс шараға қатысушылар танысу өткізілген шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

 

Катонқарағай ауданының №2

аудандық сотының

баспасөз қызметі