Өскемен қалалық сотымен дау медиация тәртібімен бітімгершілікке келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотымен келісім шартының бұзылуына байланысты Lada маркалы авто көлігін қайтару,  қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында жауапкер  автокөлікті  жалға алу туралы  талаптармен нотариалды түрде  бекітілген келісім шарты орындамаған. Жауапкер келісім шарттың негіздерін бұза отырып жалға алу  өтем ақысының  өсуіне жол берген.

Тараптар істі  сот процесіне дайындау барысында медиациялық тәртіпте бітімгершілікке келіп, келісім шарт бойынша  талапкер мен жауапкердің арасындағы автокөлікті жалға алу  туралы келісім шарт бұзылды, автокөлік қайтарылып, талапкер талап еткен талап  арыздан  бас тартты.

Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

                             

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі